Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    309 697
    2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 309697 теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23,7%-ға артық, нақты мәнде жалақы 7,6%-ға өсті.
    70 000
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 70000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9%-ға өсті, бұл ретте әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жылдам қарқынмен өсті.


    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    теңге
    2018 2019 2020 2021 2022 Номиналды жалақы
    индексі
    2021 жыл 2017 жылға,
    пайызбен
    Нақты жалақы индексі
    2021 жыл 2017 жылға,
    пайызбен
    Барлығы 162 673 186 815 213 003 250 311 309 697 1,9 есе 136,4
    ерлер 195 959 222 514 243 524 281 239 355 072 1,8 есе 129,8
    әйелдер 129 039 150 779 182 679 220 160 265 643 2,1 есе 147,5

    Анықтама: Орташа айлық жалақы бойынша деректер көзі тоқсан және жыл кезеңділігімен 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны бойынша зерттеу болып табылады.

    70000 теңгеге дейін орташа айлық жалақыны 1,4% қызметкерлер, 70001-ден 150000 теңгеге дейін – 22,8%, 150001-ден 300000 теңгеге дейін – 36,2%, 300001-ден жоғары – 39,6% алды.


    2023 жылға қызметкерлердің есептелген жалақысын бөлу
    теңге
    2023ж.
    Медианалық жалақы
    Медианалық жалақы
    теңге
    2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 112 195 142 718 165 816 204 149 251 356

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректеркөзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы)«Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды біржолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    Қазақстан Республикасында 2023 жылғы медианалық жалақы 251356 теңгені құрады. Номиналды жалақы 2022 жылға қарағанда 23,1%-ға өсті, нақты мәнде 5,4%-ға артты.

    Салалық құрылымда 2022 жылмен салыстырғанда медианалық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс саласында – 37,2%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында – 30,1%, көлік және жинақтауда – 27,1% белгіленген.

    Медианалық жалақының ең төмен өсімі жылжымайтын мүлікпен операцияларда - 2,6%, сондай-ақ кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте - 4,8% болып тіркелді.

    Өңірлер бойынша медианалық жалақының ең жоғары өсу қарқыны Шығыс Қазақстан облысында байқалды, онда өсім сәйкесінше 33,5%-ды құрады. Орташа жалақының ең төмен өсу қарқыны Солтүстік Қазақстан облысында – 9,2%-ды құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Модальдік жалақы
    Модальдік жалақы
    теңге
    2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 58 034 57 870 57 923 68 565 81 377

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректеркөзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы)«Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды біржолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    2023 жылғы модальдік жалақы 81377 теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 18,7%-ға өсті, нақты мәнде 1,6%-ға өсті.

    Динамикалық кестелер:
    Сағаттық жалақы

    2023 жылғы бір қызметкердің сағаттық жалақысы 2016 теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 22,6%-ға өсті


    Қызметкерлердің сағаттық жалақысы
    теңге
    2019 2020 2021 2022 2023
    Барлығы 1 038 1 187 1 303 1 644 2 016
    ерлер 1 229 1 339 1 427 1 802 2 235
    әйелдер 842 1 037 1 179 1 486 1 800
    Ірілендірген қызмет топтары бойынша орташа айлық жалақы

    Ұлттық кәсіптер жіктеуішіндегі ірілендірілген қызмет топтары аясында ең жоғары жалақы «Басшылар мен мемлекеттік қызметшілер» тобында белгіленді және 528070 теңгені құрады, бұл «Біліктілігі жоқ жұмысшылар» жалақысынан (139175 теңге) қарағанда 3,8 есеге жоғары.


    Ірілендірген қызмет топтары бойынша орташа айлық жалақы
    теңге
    2023ж.
    Жас топтары бойынша орташа айлық жалақы

    Жас топтары бойынша қызметкерлердің жалақысын салыстыру барысында ең төмен жалақыны 16-дан 24 жастағы қызметкерлер – 223165 теңге, ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жаста (356082 теңге) және 45-тен 54 жасқа дейін (330626 теңге) алғанын көрсетеді.

    Ең жоғары өсім 45-тен 54 жасқа дейінгі санатта – 20,7%, ең төмен 65-тен 74 жасқа дейінгі санатта – 10,7% құрады.


    Жасы бойынша орташа айлық жалақы
    теңге
    2023ж.
    Білім деңгейі бойынша орташа айлық жалақы

    Білім деңгейі бойынша қызметкерлердің жалақысы орта біліммен - 230841 теңгені, жоғары біліммен – 398214 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 505170 теңгені құрады.

    2022 жылмен салыстырғанда орта білімі бар қызметкерлердің жалақысының ең жоғары өсімі 26,4%-ды, ең төмен – 16,7%-ды жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер жалақысы құрады.


    Білім деңгейі бойынша орташа айлық жалақы
    теңге
    2023ж.
    Меншік нысандары бойынша орташа айлық жалақы

    Шетел меншігіндегі кәсіпорында жұмыс істейтін бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 500797 теңгені құрады, бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкердің жалақысынан 1,8 есеге (270 709 теңге) және жеке кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкердің жалақысынан (355 546 теңге) 1,4 есеге артық.


    Меншік нысандары бойынша орташа айлық жалақы
    теңге
    2023ж.
    Глоссарий

    Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысының мөлшерін, оның өзгеру заңдылықтары мен тенденцияларын, құрылымдық сипаттамаларын, аймақтық, гендерлік айырмашылықтарын жалақы деңгейіне оның саралануы мен динамикасына әсер ететін басқада ерекшеліктерін көрсетеді.

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы – бұл қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделігіне, санына, сапасына және шарттарына, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Жалақы деңгейі туралы деректердің статистикалық қатарлары атаулы көрсеткіштерде, яғни ұлттық валютаның абсолютті цифрларында немесе индекстер түрінде қалыптастырылады.

    Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңде бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны төмен және жоғары медиандық жалақымен тең екі бөлікке бөлетін жалақы мөлшері.

    Модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Медиандық және модальдік жалақы бойынша деректер көзі 2018 жылдан бастап 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» кезеңділігі жылына бір рет статистикалық нысаны бойынша өткізілетін ұйымдарды біржолғы зерттеу болып табылады. Зерттеуге толығымен сәуір айында жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады.

    Кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақыны, жалақы мөлшері бойынша қызметкерлерді бөлуді мемлекеттік статистикалық байқау іріктемелі болып табылады, яғни ірі кәсіпорындар жаппай әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындар іріктеме әдісімен.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Г. Ахметқали
    Тел. +7 7172 749781
    E-mail: gul.akhmetkali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министерліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші