2022 жылдың алдыңғы тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 13%-ға өсті, нақты жалақы индексі 107,9% құрады.
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 22,9%-ға өсті, нақты жалақы индексі 102,8% құрады.
Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау) | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | теңге | пайызбен | |||||
өткен тоқсанға | 2021 жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | 2021 жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | 2021 жылғы тиiстi тоқсанға | |||
2022 | ||||||||
I тоқсан | 285 433 | 103,6 | 123,7 | 100,5 | 112,7 | 204 172 | 111,9 | 133,6 |
II тоқсан | 312 011 | 109,3 | 124,0 | 102,9 | 108,9 | 204 196 | 100,0 | 122,6 |
III тоқсан | 299 782 | 96,1 | 123,0 | 92,2 | 105,8 | 204 211 | 100,0 | 126,5 |
IV тоқсан | 338 715 | 113,0 | 122,9 | 107,9 | 102,8 | 204 168 | 100,0 | 111,9 |
Өңірлік бөліністе 2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2022 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында – 35,2%, Маңғыстау облысында – 33,1%, Атырау облысында – 32,3%, Ақмола облысында – 25,8% құрады. Ең төменгі өсім Алматы облысында – 6,5% және Жамбыл облысында – 13,1% байқалды.
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі құрылыста – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыс саласында – 31,9%, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 31,6% байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 30%-ға, білім беруде – 14,1%-ға өсті.
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 2,4%.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда орташа республикалық деңгейден – 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,9 есе, кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 1,6 есе, ақпарат және байланыс саласында - тиісінше 1,4 есе болып тіркелді.
Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | ||||
өткен тоқсанға | 2021 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2021 жылғы тиісті тоқсанға | ||
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 338 715 | 113,0 | 122,9 | 107,9 | 102,8 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 207 570 | 94,4 | 124,1 | 90,2 | 103,8 |
Өнеркәсіп | 474 282 | 114,1 | 130,0 | 109,0 | 108,7 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 728 241 | 112,2 | 133,3 | 107,2 | 111,5 |
Өңдеу өнеркәсібі | 396 735 | 114,6 | 127,0 | 109,5 | 106,2 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 326 281 | 125,4 | 127,0 | 119,8 | 106,2 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 213 699 | 113,9 | 126,4 | 108,8 | 105,7 |
Құрылыс | 466 521 | 110,4 | 142,0 | 105,4 | 118,7 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 295 194 | 110,4 | 127,3 | 105,4 | 106,4 |
Көлік және жинақтау | 427 317 | 108,5 | 130,6 | 103,6 | 109,2 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 297 370 | 110,1 | 132,6 | 105,2 | 110,9 |
Ақпарат және байланыс | 488 259 | 119,6 | 131,9 | 114,2 | 110,3 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 628 164 | 117,3 | 120,6 | 112,0 | 100,8 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 228 013 | 106,6 | 102,7 | 101,8 | 85,9 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 534 673 | 120,3 | 121,0 | 114,9 | 101,2 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 324 927 | 105,2 | 122,4 | 100,5 | 102,3 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 323 041 | 129,5 | 131,6 | 123,7 | 110,0 |
Білім беру | 250 014 | 112,2 | 114,1 | 107,2 | 95,4 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 263 141 | 107,3 | 106,9 | 102,5 | 89,4 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 206 502 | 110,0 | 121,2 | 105,1 | 101,3 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 249 703 | 100,3 | 97,6 | 95,8 | 81,6 |
2022 жылдың IV тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 51 354 бірлікті құрады. Оның ішінде салалық құрылымда 29,7% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 28,8% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 10 328 бірлік, Астана қаласы – 7 261 бірлік, сондай–ақ Павлодар облысы – 4 379 бірлік және Қостанай облысы – 3 773 бірлік көшбасшы болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.