2022 жылдың алдыңғы тоқсанымен салыстырғанда бір қызметкердің айлық жалақысының орташа мәні 3,9%-ға, нақты жалақы индексі 7,8%-ға азайды.
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда бір қызметкердің айлық жалақысының орташа мәні 23%-ға, нақты жалақы индексі 5,8%-ға өсті.
Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау) | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | теңге | пайызбен | |||||
өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
2021 | ||||||||
I тоқсан | 230829 | 99,0 | 115,2 | 97,0 | 107,4 | |||
II тоқсан | 251545 | 109,0 | 118,6 | 106,5 | 110,4 | |||
III тоқсан | 243667 | 96,9 | 119,3 | 94,9 | 109,8 | |||
IV тоқсан | 275580 | 113,1 | 118,2 | 111,1 | 108,7 | |||
2022 | ||||||||
I тоқсан | 285433 | 103,6 | 123,7 | 100,5 | 112,7 | 179790 | 103,9 | 116,7 |
II тоқсан | 312011 | 109,3 | 124,0 | 102,9 | 108,9 | 196728 | 109,3 | 124,6 |
III тоқсан | 299782 | 96,1 | 123,0 | 92,2 | 105,8 | 189018 | 96,1 | 116,1 |
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі құрылыста – 34,5%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 31,3%-ға, көлік және жинақтау саласында – 31,1%-ға, көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында – 29,3%-ға байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 29,3%-ға, білім беруде – 22,4%-ға өсті.
Орташа айлық номиналды жалақының төмен деңгейлері көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды, онда өсім 5,5% құрады, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 8,9% және өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 15,5% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда орташа республикалық деңгейден – 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,8 есе, кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 1,5 есе, құрылыс саласында - тиісінше 1,4 есе болып тіркелді.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | ||||
өткен тоқсанға | өткен жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиісті тоқсанға | ||
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 299782 | 96,1 | 123,0 | 92,2 | 105,8 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 219926 | 120,9 | 131,3 | 116,0 | 112,9 |
Өнеркәсіп | 415510 | 107,4 | 129,3 | 103,1 | 111,2 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 649251 | 109,6 | 129,6 | 105,2 | 111,4 |
Өңдеу өнеркәсібі | 346192 | 105,7 | 128,5 | 101,4 | 110,5 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 260275 | 102,7 | 128,1 | 98,6 | 110,1 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 187614 | 103,7 | 121,1 | 99,5 | 104,1 |
Құрылыс | 422717 | 105,8 | 134,5 | 101,5 | 115,6 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 267400 | 106,3 | 120,4 | 102,0 | 103,5 |
Көлік және жинақтау | 393940 | 108,6 | 131,1 | 104,2 | 112,7 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 270045 | 103,5 | 129,3 | 99,3 | 111,2 |
Ақпарат және байланыс | 408254 | 101,6 | 123,3 | 97,5 | 106,0 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 535671 | 91,1 | 118,3 | 87,4 | 101,7 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 213884 | 101,7 | 117,6 | 97,6 | 101,1 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 444331 | 105,4 | 120,3 | 101,2 | 103,4 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 308876 | 102,1 | 120,6 | 98,0 | 103,7 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 249408 | 100,2 | 120,6 | 96,2 | 103,7 |
Білім беру | 222905 | 76,0 | 122,4 | 72,9 | 105,2 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 245212 | 95,0 | 108,9 | 91,2 | 93,6 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 187700 | 103,1 | 115,5 | 98,9 | 99,3 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 249028 | 99,9 | 105,5 | 95,9 | 90,7 |
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;
біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.