Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9 рет өсті, әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жылдам қарқынмен өсті.
2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | Номиналды жалақы индексі 2022 жыл 2018 жылға | Нақты жалақы индексі 2022 жыл 2018 жылға, пайызбен | |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Барлығы | 162 673 | 186 815 | 213 003 | 250 311 | 309 867 | 1,9 рет | 136,4 |
ерлер | 195 959 | 222 514 | 243 524 | 281 239 | 355 296 | 1,8 рет | 129,8 |
әйелдер | 129 039 | 150 779 | 182 679 | 220 160 | 265 762 | 2,0 рет | 147,5 |
2020 | 2021 | 2022 | |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 142 718 | 165 816 | 204 149 |
2022 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді, ол 523 210 теңгені, Маңғыстау облысында – 459 953 теңгені, Астана қаласында – 409 021 теңгені құрды.
Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 36,9%-ға, Маңғыстау облысында – 31,6%-ға және Атырау облысында – 28,8%-ға тіркелді.
Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында – 227 021 теңге, Жетісу облысында – 229 760 теңге, Жамбыл облысында – 234 526 теңге және Шымкент қаласында – 234 729 теңге болып байқалды.
2021 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақы озық қарқынмен өсуі құрылыс саласында - 38,6%-ға, көлік және жинақтауда – 32,4%-ға, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,2%-ға тіркелді.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,8 есе, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында - 1,5 есе, ақпарат және байланыс саласында – тиісінше 1,4 есе.
Орташа айлық атаулы жалақының ең төмен өскен деңгейі денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 9,8% байқалды.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы | |||
---|---|---|---|
теңге | 2021 жылға пайызбен | ||
номиналды жалақы индексі | нақты жалақы индексі | ||
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 309 867 | 123,8 | 107,6 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 190 086 | 126,1 | 109,7 |
Өнеркәсіп | 418 811 | 128,0 | 111,3 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 653 345 | 129,6 | 112,7 |
Өңдеу өнеркәсібі | 349 930 | 126,5 | 110,0 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 268 615 | 125,8 | 109,4 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 189 274 | 122,4 | 106,5 |
Құрылыс | 416 940 | 138,6 | 120,5 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 268 469 | 123,3 | 107,2 |
Көлік және жинақтау | 386 787 | 132,4 | 115,1 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 272 811 | 132,2 | 115,0 |
Ақпарат және байланыс | 436 980 | 128,3 | 111,6 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 560 459 | 120,4 | 104,7 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 228 393 | 121,2 | 105,3 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 458 832 | 121,1 | 105,3 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 308 465 | 126,7 | 110,1 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 263 843 | 126,3 | 109,8 |
Білім беру | 248 575 | 121,1 | 105,3 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 249 834 | 109,8 | 95,4 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 185 040 | 115,3 | 100,3 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 292 656 | 117,9 | 102,5 |
2022 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарға 1060,6 мың адам жұмысқа қабылданған, одан 94,5 мың адам – жаңадан құрылған жұмыс орындарына және мүгедектігі бар қызметкерлер 4,9 мың адам қабылданған.
Әр түрлі себептер бойынша 1017,7мың адам, одан босатылуына (қысқартылуына) байланысты – 19,2 мың адам, өтімділік себептер бойынша – 851,1 мың қызметкерлер, басқа себептер бойынша – 147,4 мың қызметкерлер жұмыстан шыққан.
Өңірлер бөлінісінде қызметкерлердің ең көп қабылданған саны Алматы қаласында – 216611 адам, Астана қаласында 121274 адам және Атырау облысында – 78488 адам. Оның ішінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына алынған қызметкерлер саны Алматы қаласында 19081 адам, Астана қаласында– 12708 адам жәнеТүркістан облысында – 11565 адам.
Ең көп жұмыс орнынын алмастыру коэффициентiЖетісу облыстарында – 139,4% , Ұлытау облысында – 133,6% және Түркістан облысында - 123,4% байқалды.
Бір қызметкерге есептегенде | ||||||
істелген жұмыс күн саны, барлығы | істелген жұмыс сағат саны, барлығы | істелмеген жұмысының адам-күн саны, барлығы | одан | |||
ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы (қосымша еңбек демалысын қосқанда) | науқастануына байланысты | жалақы сақтауынсыз демалыс бойынша | ||||
Барлығы | 223,7 | 1 777,2 | 43,1 | 26,7 | 4,4 | 3,4 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 253,1 | 1 952,8 | 37,2 | 19,1 | 4,5 | 6,7 |
Өнеркәсіп | 218,9 | 1 745,0 | 43,5 | 24,1 | 7,3 | 4,5 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 214,8 | 1 729,1 | 44,5 | 26,8 | 7,5 | 2,8 |
Өңдеу өнеркәсібі | 220,5 | 1 750,9 | 43,8 | 22,6 | 7,2 | 5,7 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 222,0 | 1 763,3 | 42,2 | 23,3 | 7,4 | 4,5 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 219,1 | 1 732,3 | 39,8 | 24,5 | 7,1 | 3,2 |
Құрылыс | 230,4 | 1 814,7 | 37,3 | 19,5 | 2,8 | 8,4 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 227,1 | 1 778,9 | 39,4 | 16,6 | 3,8 | 5,1 |
Көлік және жинақтау | 218,6 | 1 749,4 | 48,4 | 25,9 | 8,2 | 3,8 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 231,6 | 1 827,2 | 34,5 | 17,9 | 3,4 | 8,4 |
Ақпарат және байланыс | 222,9 | 1 769,4 | 42,3 | 20,7 | 4,8 | 3,2 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 224,6 | 1 797,5 | 52,8 | 16,0 | 6,9 | 5,5 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 219,4 | 2 078,2 | 54,7 | 16,1 | 4,1 | 4,5 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 225,1 | 1 753,0 | 41,7 | 21,4 | 3,4 | 5,8 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 226,9 | 1 800,2 | 31,9 | 19,1 | 3,7 | 3,1 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 224,7 | 1 791,8 | 33,8 | 23,8 | 2,8 | 1,9 |
Білім беру | 220,2 | 1 739,7 | 47,0 | 36,8 | 2,8 | 1,8 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 229,2 | 1 798,8 | 43,0 | 28,3 | 5,0 | 2,9 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 223,9 | 1 775,0 | 33,9 | 22,5 | 2,8 | 1,6 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 240,1 | 2 394,3 | 76,9 | 10,4 | 1,1 | 5,0 |
2022 жылы зерттелген кәсіпорындар шеңберінде санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сәйкес келмейтін жағдайда 386,3 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындардың жалпы санының әрбір төрттен бірі (23,1 %) жұмыс істеді.
Оның ішінде әрбір екінің бірі (46,8 %) шу мен дірілдің жоғарылауы жағдайында жұмыс істеді, газбен ластануының және жұмыс аймағының шандылығының жоғарылауы әсерінен, ШРК-дан – әрбір үштен (33,2 %) және қолайсыз температуралық жағдайларда – әрбір алтыншыдан (16,7 %) асып түседі. Зерттелген кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалпы санынан 102,7 мың адам (6,1) % ауыр дене еңбегімен қамтылған.
Әйелдер арасында әрбір сегізінші (88,6 мың адам) санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмыс істеді, оның ішінде 19,8 % (17,5 мың адам) – әйелдер шанды және газды ортада жұмыс істеді.
2022 жылы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмыс істегені үшін жеңілдіктер мен өтемақыларға 207631,8 млн.тенге жұмсалды. Жеңілдіктердің ең көп тараған түрі – қосымша демалыс берілді - 531,9 мың адам, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін түрлі материалдық қосымша ақыларды 404,3 мың адам пайдаланылды, тегін сүт немесе оған теңестірілген азық-түлік алды – 321,9 мың адам, тегін емдік-профилактикалық тағам алды – 88,6 мың адам, қысқартылған жұмыс күні бойынша жұмыс істеді - 47,9 мың адам.
Анықтама: Осы бөлімнің ақпараты, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану қызметтері, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салалардағы негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғаларды және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін тексеру қорытындылары бойынша қалыптастырылған.Жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын орташа жылдық жалпы еңбек құнының индексі 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда 122,5%, жалақы қоры бойынша – 123,0%, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар – 119,3% құрады.
Еңбек құнының индексі (жалпы) | Жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі | Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар бойынша еңбек құнының индексі | |
2018 | 112,8 | 111,7 | 120,6 |
2019 | 116,4 | 116,6 | 114,9 |
2020 | 113,6 | 114,8 | 106,5 |
2021 | 118,4 | 116,6 | 130,8 |
2022 | 122,5 | 123,0 | 119,3 |
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Еңбек құнының индексі – бұл жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Жұмыс күшіне арналған шығындарының құны – бұл жұмыс күшін қаржыландыру көзіне қарамастан, оларды ұстауға және пайдалануға байланысты жұмыс берушілердің (ұйымдардың) шығындарының сомасы.
Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны – бұл жұмыс берушінің (ұйымның) шығындарының сомасы, оның құрамына мыналар кіреді: жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтар; ұйымның қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шығыстары; ұйымның қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға арналған шығыстары; мəдени іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар; ұйымның қызметкерлерді оқытуға жұмсаған шығындары; жоғарыда келтірілген топтарға жатпайтын, жұмыс күшін ұстауға қөзделген ұйымның шығыстары.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Еңбекақыны кәсіптер мен лауазымдар бойынша мемлекеттік статистикалық байқау, қызметкерлерді жалақы бойынша бөлу іріктеу, яғни ірі кәсіпорындарда үздіксіз әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындарда іріктеу әдісімен жүргізіледі.