Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    443 315
    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 443315 теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық, нақты мәнде жалақы 1,8%-ға өсті.
    85 000
    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    317 512
    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы медиандық жалақы 317512 теңгені құрады. Номиналды жалақы 2024 жылға қарағанда 11,1%-ға өсті, нақты мәнде 0,4%-ға өсті.
    116 059
    2025 жылғы модальдік жалақы 116059 теңгені құрады және 2024 жылға қарағанда 19,0%-ға өсті, нақты мәнде 7,5%-ға өсті.
    Жалақы динамикасы
    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    теңге
      2021 2022 2023     2024 2025

     

    Номиналды жалақы индексі

    2025 жыл 2021 жылға, пайызбен

     

      Нақты жалақы индексі

    2025 жыл 2021 жылға, пайызбен

    Барлығы

    250311 309697 364295 405416 443890 177,3 111,1

    ерлер

    281239 355072 418788 468914 518788 184,5 115,6

    әйелдер

    220160 265643 311217 344496 372767 169,3 106,0

    Анықтама: Орташа айлық жалақы бойынша деректер көзі тоқсан және жыл кезеңділігімен 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны бойынша зерттеу болып табылады. Жылдық деректер тоқсандық есептерді ескере отырып қалыптастырылады.

    Медиандық жалақы
    теңге
      2022 2023 2024 2025
    Қазақстан Республикасы 204149 251356 285677 317512

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректер көзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды бір жолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жалақы

    2025 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Мағыстау облысында белгіленді, ол 623059 теңгені, Атырау облысында – 613062 теңгені, Астана қаласында – 594164 теңгені және Ұлытау облысында – 586978 теңгені құрды.

    2024 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Ақмола облысында – 13,5%-ға, Алматы қаласында және Жетісу облысында – 13,3%-ға, Павлодар облысында – 12,2%-ға, Қостанай облысында – 11,8%-ға тіркелді.

    Ең төменгі жалақы Түркістан облысында – 318990 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 326679 теңге, Жамбыл облысында – 327401 теңге және Жетісу облысында – 332203 теңге болып байқалды.

    Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбекақы

    2024 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақы озық қарқынмен өсуі ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметінде – 21,7%-ға, ақпарат және байланыс – 14,8%-ға, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 14,2%-ға және көлік және жинақтау – 14,1%-ға тіркелді.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары, ақпарат және байланыс саласында – тиісінше 1,9 есе.

    2025 жылғы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы
    теңге 2024 жылға пайызбен
    номиналды жалақы индексі нақты жалақы индексі  
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 443315 109,3 98,2
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 320808 121,7 109,3
    Өнеркәсіп 638696 112,1 100,7
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 949524 109,6 98,4
    Өңдеу өнеркәсібі 545747 114,2 102,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 469729 116,4 104,4
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 327577 114,3 102,6
    Құрылыс 515935 101,5 91,1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 417100 114,2 102,5
    Көлік және жинақтау 606895 114,1 102,4
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 356448 104,4 93,8
    Ақпарат және байланыс 834522 114,8 103,1
    Қаржы және сақтандыру қызметі 920985 107,6 96,6
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 356643 110,4 99,1
    Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет 656257 109,8 98,5
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 364301 98,5 88,4
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандыру 370822 109,5 98,3
    Білім беру 322678 106,5 95,6
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 334195 106,0 95,1
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 308324 114,0 102,3
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 405176 112,2 100,7
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда. Анықтама: Қызметкерлердің жалақы қорына қосылатындар: 1)тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлық ақылар бойынша есептелген жалақы, 2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар, 3) жұмыс режимімен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері, 4) жұмыспен өтелмеген уақытқа ақы төлеу * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Электрондық кестелер:
    Динамикалық кестелер:
    Жұмыс күшінің қозғалысы және жалдамалы қызметкерлер уақытының күнтізбелік қорын пайдалану

    2025 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарға 1148,0 мың адам жұмысқа қабылданған, одан 65,6 мың адам – жаңадан құрылған жұмыс орындарына және мүгедектігі бар қызметкерлер 5,6 мың адам қабылданған.

    Әр түрлі себептер бойынша 1106,3 мың адам, одан босатылуына (қысқартылуына) байланысты – 19,6 мың адам, өтімділік себептер бойынша – 883,4 мың қызметкерлер, басқа себептер бойынша – 190,9 мың қызметкерлер жұмыстан шыққан.

    Өңірлер бөлінісінде қызметкерлердің ең көп қабылданған саны Алматы қаласында – 235725 адам, Астана қаласында 144284 адам және Қарағанды облысында – 93929 адам. Оның ішінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына алынған қызметкерлер саны Алматы қаласында 19820 адам, Астана қаласында – 14397 адам және Түркістан облысында – 6170 адам.

    Ең көп жұмыс орнынын алмастыру коэффициентi Түркістан облысында – 134,8%, Астана қаласында – 114,0%, Алматы және Маңғыстау облыстарында – 111,6%-дан байқалды.

    2025 жылға экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкерге уақытының күнтізбелік қоры*
      Бір қызметкерге есептегенде
    істелген жұмыс күн саны, барлығы істелген жұмыс сағат саны, барлығы істелмеген жұмысының адам-күн саны, барлығы одан
    ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы (қосымша еңбек демалысын қосқанда) науқастануына байланысты жалақы сақтауынсыз демалыс бойынша
    Барлығы 221,9 1 835,4 41,2 26,4 4,6 3,3
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 246,7 1 858,4 34,6 19,2 5,4 5,2
    Өнеркәсіп 218,5 2 104,0 41,8 24,6 6,9 4,1
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 211,3 1 720,8 45,0 28,1 6,9 3,2
    Өңдеу өнеркәсібі 221,0 2 505,0 41,9 23,2 7,0 5,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 221,7 1 765,4 38,3 22,6 6,8 3,8
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 224,3 1 777,1 36,2 23,7 6,1 2,5
    Құрылыс 232,3 1 859,7 31,7 17,8 4,0 5,1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 226,3 1 747,6 39,3 17,9 4,3 4,5
    Көлік және жинақтау 225,3 1 764,7 42,3 24,3 7,7 2,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 228,1 1 800,6 35,1 18,4 4,7 4,2
    Ақпарат және байланыс 225,3 1 744,7 40,4 20,9 4,3 4,9
    Қаржы және сақтандыру қызметі 224,7 1 757,9 44,8 15,9 5,2 9,4
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 204,0 2 218,4 68,8 14,6 13,0 11,7
    Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет 222,4 1 755,7 41,8 22,0 3,6 5,5
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 229,1 1 844,4 29,8 17,2 5,2 2,4
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандыру 226,5 1 872,6 31,5 22,7 2,8 1,7
    Білім беру 214,4 1 672,5 44,7 35,5 3,1 2,1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 226,1 1 870,6 43,1 28,3 5,3 3,2
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 223,9 1 781,0 32,7 23,2 3,1 2,0
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 241,6 2 462,6 80,0 10,1 1,3 5,6
    Электрондық кестелер:
    Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны

    2025 жылы зерттелген кәсіпорындар шеңберінде түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер 440,1 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындардың жалпы санының әрбір төрттен бірі (25,0%) жұмыс істеді.

    Физикалық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында әрбір жетінші (14,0%), химиялық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында – әрбір отызыншы (3,3%) және биологиялық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында – әрбір жүз отыз төртінші (0,7%) жұмыс жасаған.

    Әйелдер арасында әрбір бесінші (132,6 мың адам) түнгі ауысымда жұмыс істеді, физикалық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында 5,6% (41,4 мың адам), химиялық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында және психофизиологиялық әсер ету факторы жағдайында жұмыс істейтіндер 41,5 мың адамға дейін.

    2025 жылы еңбекті қорғауға арналған шығынның жалпы сомасы 518011,5 млн.теңге, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктер ұсынуға 341916,4 млн.теңге жұмсалды, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – 86743,6 млн.теңге, мерзімді медициналық тексерулер мен ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргізуге - 36975,2 млн.теңге. Жеңілдіктердің ең көп тараған түрі – қосымша демалыс берілді – 559,1 мың адам, еңбекақы мөлшерінің жоғарылауына – 338,2 мың адам және тегін сүт немесе оған теңестірілген азық-түлік – 325,4 мың адам пайдаланылды.

    Анықтама: Осы бөлімнің ақпараты,кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусызауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салалардағы негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғаларды және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін тексеруқорытындылары бойынша қалыптастырылған.
    Электрондық кестелер:
    Еңбек құнының индексі мезгілдік және күнтізбелік тегістеу есебімен

    Жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын орташа жылдық жалпы еңбек құнының индексі 2025 жылы өткен жылмен салыстырғанда 115,1%, жалақы қоры бойынша – 115,5%, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар – 112,5% құрады.

    Құрамдас бөліктер бойынша еңбек құнының индексінің динамикасы
    өткен жылдың тиісті тоқсанына,пайызбен
      Еңбек құнының индексі (жалпы) Жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі

    Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне

    арналған шығындар бойынша еңбек құнының индексі

    2021    119,3    117,5    131,8
    2022    121,9    122,5    118,7
    2023    120,7    118,6    134,6
    2024    113,3    114,2    108,2
    2025    115,1    115,5    112,5
    Глоссарий

    Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Еңбек құнының индексі – бұл жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Жұмыс күшіне арналған шығындарының құны – бұл жұмыс күшін қаржыландыру көзіне қарамастан, оларды ұстауға және пайдалануға байланысты жұмыс берушілердің (ұйымдардың) шығындарының сомасы.

    Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны – бұл жұмыс берушінің (ұйымның) шығындарының сомасы, оның құрамына мыналар кіреді: жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтар; ұйымның қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шығыстары; ұйымның қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға арналған шығыстары; мəдени іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар; ұйымның қызметкерлерді оқытуға жұмсаған шығындары; жоғарыда келтірілген топтарға жатпайтын, жұмыс күшін ұстауға қөзделген ұйымның шығыстары.

    Еңбек құны индексінің уақыттық қатарларын мезгілдік және күнтізбелік түзетуді есептеу «JDemetra+» программасын пайдалана отырып, кәспорындар бойынша қәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындарды есепке алмай жүргізілді.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Еңбекақыны кәсіптер мен лауазымдар бойынша мемлекеттік статистикалық байқау, қызметкерлерді жалақы бойынша бөлу іріктеу, яғни ірі кәсіпорындарда үздіксіз әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындарда іріктеу әдісімен жүргізіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Т. Демешева
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749678
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс