Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    285 677
    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы медианалық жалақы 285677 теңгені құрады. Номиналды жалақы 2023 жылға қарағанда 13,7%-ға өсті, нақты мәнде 4,6%-ға артты.
    85 000
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 364295 теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық, нақты мәнде жалақы 2,7%-ға өсті.

    Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9%-ға өсті, бұл ретте әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жылдам қарқынмен өсті.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    теңге
      2019 2020 2021 2022 2023 Номиналды жалақы индексі 2023 жыл 2019 жылға, пайызбен Нақты жалақы индексі 2023 жыл 2019 жылға, пайызбен
    Барлығы 186 815 213 003 250 311 309 697 364 295 195,0 128,4
    ерлер 222 514 243 524 281 239 355 072 418 788 188,2 124,0
    әйелдер 150 779 182 679 220 160 265 643 311 217 206,4 135,9

    Анықтама: Орташа айлық жалақы бойынша деректер көзі тоқсан және жыл кезеңділігімен 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны бойынша зерттеу болып табылады.

    100000 теңгеге дейін орташа айлық жалақыны 6,1% қызметкерлер, 100001-ден 150000 теңгеге дейін – 12,0%, 150001-ден 300000 теңгеге дейін – 35,1%, 300001-ден жоғары – 46,8% алды.

    Медианалық жалақы
    Медианалық жалақы
    теңге
      2020 2021 2022 2023 2024
    Қазақстан Республикасы 142 718 165 816 204 149 251 356 285 677

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректеркөзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы)«Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды біржолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы медианалық жалақы 285677 теңгені құрады. Номиналды жалақы 2023 жылға қарағанда 13,7%-ға өсті, нақты мәнде 4,6%-ға артты.

    Салалық құрылымда 2023 жылмен салыстырғанда медианалық жалақының ең жоғары өсуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 39,9%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 34,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 32,6% белгіленген.

    Медианалық жалақының ең төмен өсімі ақпарат және байланыста – 4,7%, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде - 4,9% болып тіркелді.

    Өңірлер бойынша медианалық жалақының ең жоғары өсу қарқыны Алматы облысында байқалды, онда өсім сәйкесінше 26,6%-ды құрады. Орташа жалақының ең төмен өсу қарқыны Ұлытау облысында – 3,0%-ды құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Модальдік жалақы
    Модальдік жалақы
    теңге
      2020 2021 2022 2023 2024
    Қазақстан Республикасы 57 870 57 923 68 565 81 377 97 557

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректеркөзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы)«Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды біржолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    2024 жылғы модальдік жалақы 97557 теңгені құрады және 2023 жылға қарағанда 19,9%-ға өсті, нақты мәнде 10,3%-ға өсті.

    Динамикалық кестелер:
    Сағаттық жалақы

    2024 жылғы бір қызметкердің сағаттық жалақысы 2083 теңгені құрады және 2023 жылға қарағанда 3,3%-ға өсті.

    Қызметкерлердің сағаттық жалақысы
    теңге
      2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы 1187 1303 1644 2016 2 083
    ерлер 1339 1427 1802 2235 2 307
    әйелдер 1037 1179 1486 1800 1 871
    Ірілендірген қызмет топтары бойынша орташа айлық жалақы

    Ұлттық кәсіптер жіктеуішіндегі ірілендірілген қызмет топтары аясында ең жоғары жалақы «Басшылар мен мемлекеттік қызметшілер» тобында белгіленді және 588138 теңгені құрады, бұл «Біліктілігі жоқ жұмысшылар» жалақысынан (158922 теңге) қарағанда 3,7 есеге жоғары.

    Жас топтары бойынша орташа айлық жалақы

    Жас топтары бойынша қызметкерлердің жалақысын салыстыру барысында ең төмен жалақыны 16-дан 24 жастағы қызметкерлер – 250518 теңге, ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жаста (397468 теңге) және 45-тен 54 жасқа дейін (372824 теңге) алғанын көрсетеді.

    Ең жоғары өсім 25-тен 34 жасқа дейінгі санатта – 14,4%, ең төмен 35-тен 44 жасқа және 55-тен 64 жасқа дейінгі санаттар – 11,6% құрады.

    Білім деңгейі бойынша орташа айлық жалақы

    Білім деңгейі бойынша қызметкерлердің жалақысы орта біліммен - 262238 теңгені, жоғары біліммен – 438005 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 558882 теңгені құрады.

    2023 жылмен салыстырғанда орта білімі бар қызметкерлердің жалақысының ең жоғары өсімі 13,6%-ды, ең төмен – 10,0%-ды жоғары білімі бар қызметкерлер жалақысы құрады.

    Меншік нысандары бойынша орташа айлық жалақы

    Шетел меншігіндегі кәсіпорында жұмыс істейтін бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 574408 теңгені құрады, бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкердің жалақысынан 1,9 есеге (301302 теңге) және жеке кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкердің жалақысынан (361815 теңге) 1,6 есеге артық.

    Глоссарий

    Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысының мөлшерін, оның өзгеру заңдылықтары мен тенденцияларын, құрылымдық сипаттамаларын, аймақтық, гендерлік айырмашылықтарын жалақы деңгейіне оның саралануы мен динамикасына әсер ететін басқада ерекшеліктерін көрсетеді.

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы – бұл қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделігіне, санына, сапасына және шарттарына, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Жалақы деңгейі туралы деректердің статистикалық қатарлары атаулы көрсеткіштерде, яғни ұлттық валютаның абсолютті цифрларында немесе индекстер түрінде қалыптастырылады.

    Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңде бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны төмен және жоғары медиандық жалақымен тең екі бөлікке бөлетін жалақы мөлшері.

    Модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Медиандық және модальдік жалақы бойынша деректер көзі 2018 жылдан бастап 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» кезеңділігі жылына бір рет статистикалық нысаны бойынша өткізілетін ұйымдарды біржолғы зерттеу болып табылады. Зерттеуге толығымен сәуір айында жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады.

    Кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақыны, жалақы мөлшері бойынша қызметкерлерді бөлуді мемлекеттік статистикалық байқау іріктемелі болып табылады, яғни ірі кәсіпорындар жаппай әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындар іріктеме әдісімен.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Г. Ахметқали
    Тел. +7 7172 749781
    E-mail: [email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министерліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші