Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    364 295
    2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 364295 теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық, нақты мәнде жалақы 2,7%-ға өсті.
    85 000
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    251 356
    Қазақстан Республикасында 2023 жылғы медиандық жалақы 251356 теңгені құрады. Номиналды жалақы 2022 жылға қарағанда 23,1%-ға өсті, нақты мәнде 7,5%-ға өсті.
    81 377
    2023 жылғы модальдік жалақы 81377 теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 18,7%-ға өсті, нақты мәнде 3,7%-ға өсті.
    Жалақы динамикасы

    Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9 рет өсті, әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жылдам қарқынмен өсті.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    теңге
      2019 2020 2021 2022 2023 Номиналды жалақы индексі 2023 жыл 2019 жылға, пайызбен Нақты жалақы индексі 2023 жыл 2019 жылға, пайызбен
    Барлығы 186815 213003 250311 309697 364295 195,0 128,4
    ерлер 222514 243524 281239 355072 418788 188,2 124,0
    әйелдер 150779 182679 220160 265643 311217 206,4 135,9

    Анықтама: Орташа айлық жалақы бойынша деректер көзі тоқсан және жыл кезеңділігімен 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны бойынша зерттеу болып табылады. Жылдық деректер тоқсандық есептерді ескере отырып қалыптастырылады.

    Медиандық жалақы
    теңге
      2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 165816 204149 251356

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректер көзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды бір жолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жалақы

    2023 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді, ол 607635 теңгені, Маңғыстау облысында – 535156 теңгені, Ұлытау облысында – 483812 теңгені құрды.

    Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Павлодар облысында – 20,7%-ға, Қостанай облысында – 20,6%-ға, Ұлытау және Ақмола облыстарында – 20,2%-ға тіркелді.

    Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында – 262248 теңге, Жамбыл облысында – 269125 теңге, Жетісу облысында – 269378 теңге және Түркістан облысында – 270660 теңге болып байқалды.

    Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбекақы

    2022 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақы озық қарқынмен өсуі ақпарат және байланыс саласында - 34,6%-ға, қаржы және сақтандыру қызметінде – 23,3%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуде – 22,9%-ға тіркелді.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда –орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,9 есе, ақпарат және байланыс саласында – тиісінше 1,6 есе.

    2023 жылғы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы
    теңге 2022 жылға пайызбен
    номиналды жалақы индексі нақты жалақы индексі
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 364295 117,6 102,7
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 222532 117,1 102,2
    Өнеркәсіп 496733 118,6 103,6
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 771048 118,0 103,1
    Өңдеу өнеркәсібі 414388 118,4 103,4
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 330028 122,9 107,3
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 231215 122,2 106,7
    Құрылыс 477821 114,6 100,1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 319218 118,9 103,8
    Көлік және жинақтау 465666 121,3 105,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 313650 115,0 100,4
    Ақпарат және байланыс 588205 134,6 117,6
    Қаржы және сақтандыру қызметі 690772 123,3 107,6
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 265125 116,1 101,4
    Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет 517028 112,7 98,4
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 362858 117,6 102,7
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандыру 313769 118,9 103,9
    Білім беру 281991 113,4 99,1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 292730 117,2 102,3
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 226631 122,5 107,0
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 329901 112,7 98,5
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда. Анықтама: Қызметкерлердің жалақы қорына қосылатындар: 1)тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы, 2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар, 3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері, 4) жұмыспен өтелмеген уақытқа ақы төлеу * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Электрондық кестелер:
    Динамикалық кестелер:
    Жұмыс күшінің қозғалысы және жалдамалы қызметкерлер уақытының күнтізбелік қорын пайдалану

    2023 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарға 1075,0 мың адам жұмысқа қабылданған, одан 93,4 мың адам – жаңадан құрылған жұмыс орындарына және мүгедектігі бар қызметкерлер 4,7 мың адам қабылданған.

    Әр түрлі себептер бойынша 1048,9 мың адам, одан босатылуына (қысқартылуына) байланысты – 23,3 мың адам, өтімділік себептер бойынша – 859,0 мың қызметкерлер, басқа себептер бойынша – 158,8 мың қызметкерлер жұмыстан шыққан.

    Өңірлер бөлінісінде қызметкерлердің ең көп қабылданған саны Алматы қаласында – 217131 адам, Астана қаласында 132609 адам және Қарағанды облысында – 73315 адам. Оның ішінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына алынған қызметкерлер саны Алматы қаласында 22631 адам, Астана қаласында – 19586 адам және Түркістан облысында – 9188 адам.

    Ең көп жұмыс орнынын алмастыру коэффициентi Түркістан облысында - 120,4% Алматы облысында – 113,3% және Ұлытау облысында – 112,3% байқалды.

    2023 жылға экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкерге уақытының күнтізбелік қоры*
      Бір қызметкерге есептегенде
    істелген жұмыс күн саны, барлығы істелген жұмыс сағат саны, барлығы істелмеген жұмысының адам-күн саны, барлығы одан
    ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы (қосымша еңбек демалысын қосқанда) науқастануына байланысты жалақы сақтауынсыз демалыс бойынша
    Барлығы 222,9 1 777,3 41,9 26,1 4,3 3,6
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 251,1 1 914,8 35,6 19,1 4,6 5,9
    Өнеркәсіп 217,6 1 751,7 43,1 24,1 6,9 4,7
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 211,0 1 724,0 45,5 26,5 6,8 3,2
    Өңдеу өнеркәсібі 218,8 1 759,0 43,7 23,3 7,1 5,8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 223,0 1 775,0 39,5 22,8 6,8 4,9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 226,6 1 769,9 35,6 22,1 6,4 3,2
    Құрылыс 233,7 1 796,8 34,2 18,6 3,1 6,7
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 224,1 1 763,0 40,9 17,5 4,1 5,5
    Көлік және жинақтау 222,7 1 791,8 46,5 26,3 7,5 3,5
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 232,0 1 931,3 31,5 16,2 3,7 2,9
    Ақпарат және байланыс 225,3 1 799,4 39,7 19,7 5,2 3,0
    Қаржы және сақтандыру қызметі 223,5 1 916,5 51,2 16,7 5,9 7,1
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 212,5 1 655,7 72,0 15,3 11,1 18,3
    Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет 221,5 1 891,1 41,9 22,7 3,6 4,6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 232,2 1 846,9 29,9 17,6 4,0 2,2
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандыру 225,8 1 791,0 31,5 22,0 2,6 2,0
    Білім беру 216,3 1 698,7 45,2 35,7 2,8 2,0
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 230,0 1 827,3 42,2 27,6 5,0 3,6
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 227,1 1 789,1 32,7 22,3 2,5 2,4
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 243,3 2 439,7 78,7 9,4 1,0 5,6
    Электрондық кестелер:
    Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны

    2023 жылы зерттелген кәсіпорындар шеңберінде санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сәйкес келмейтін жағдайда 410,3 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындардың жалпы санының әрбір төрттен бірі (24,2%) жұмыс істеді.

    Оның ішінде әрбір екінің бірі (45,7%) шу мен дірілдің жоғарылауы жағдайында жұмыс істеді, газбен ластануының және жұмыс аймағының шандылығының жоғарылауы әсерінен, ШРК-дан –әрбір үштен (32,0%) және қолайсыз температуралық жағдайларда – әрбір алтыншыдан (16,0%) асып түседі. Зерттелген кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалпы санынан 107,2 мың адам (6,3%) ауыр дене еңбегімен қамтылған.

    Әйелдер арасында әрбір жетінші (92,9 мың адам) санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмыс істеді, оның ішінде 18,4% (17,1 мың адам) – әйелдер шанды және газды ортада жұмыс істеді.

    2023 жылы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмыс істегені үшін жеңілдіктер мен өтемақыларға 255182,6 млн.тенге жұмсалды. Жеңілдіктердіңең көп тараған түрі – қосымша демалыс берілді - 543,5 мың адам, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін түрлі материалдық қосымша ақыларды 419,4 мың адампайдаланылды, тегін сүт немесе оған теңестірілген азық-түлік алды – 323,8 мың адам, тегін емдік-профилактикалық тағам алды – 97,8 мың адам, қысқартылған жұмыс күні бойынша жұмыс істеді - 45,8 мың адам.

    Анықтама: Осы бөлімнің ақпараты,кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусызауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салалардағы негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғаларды және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін тексеруқорытындылары бойынша қалыптастырылған.
    Электрондық кестелер:
    Еңбек құнының индексі мезгілдік және күнтізбелік тегістеу есебімен

    Жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын орташа жылдық жалпы еңбек құнының индексі 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда 122,5%, жалақы қоры бойынша – 123,0%, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар – 119,3% құрады.

    Құрамдас бөліктер бойынша еңбек құнының индексінің динамикасы
    өткен жылдың тиісті тоқсанына, пайызбен
      Еңбек құнының индексі (жалпы) Жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар бойынша еңбек құнының индексі
    2019 114,0 114,2 112,7
    2020 114,8 115,9 107,5
    2021 119,3 117,5 131,8
    2022 121,9 122,5 118,7
    2023 120,7 118,6 134,6
    Глоссарий

    Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Еңбек құнының индексі – бұл жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Жұмыс күшіне арналған шығындарының құны – бұл жұмыс күшін қаржыландыру көзіне қарамастан, оларды ұстауға және пайдалануға байланысты жұмыс берушілердің (ұйымдардың) шығындарының сомасы.

    Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны – бұл жұмыс берушінің (ұйымның) шығындарының сомасы, оның құрамына мыналар кіреді: жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтар; ұйымның қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шығыстары; ұйымның қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға арналған шығыстары; мəдени іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар; ұйымның қызметкерлерді оқытуға жұмсаған шығындары; жоғарыда келтірілген топтарға жатпайтын, жұмыс күшін ұстауға қөзделген ұйымның шығыстары.

    Еңбек құны индексінің уақыттық қатарларын мезгілдік және күнтізбелік түзетуді есептеу «JDemetra+» программасын пайдалана отырып, кәспорындар бойынша қәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындарды есепке алмай жүргізілді.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Еңбекақыны кәсіптер мен лауазымдар бойынша мемлекеттік статистикалық байқау, қызметкерлерді жалақы бойынша бөлу іріктеу, яғни ірі кәсіпорындарда үздіксіз әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындарда іріктеу әдісімен жүргізіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Л.Сайлауқызы
    Тел. +7 7172 749678
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші