2023 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 179586 теңгені құрады және 2022 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 19,2% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (15,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 3% артты.
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге | 2023 жылғы II тоқсан 2022 жылғы II тоқсанға, пайызбен | ||||
---|---|---|---|---|---|
атаулы | нақты | ||||
2023 жылғы II тоқсан | 2022 жылғы II тоқсан | ||||
Қазақстан Республикасы | 179 586 | 150 687 | 119,2 | 103,0 | |
Абай | 161 324 | 139 544 | 115,6 | 100,0 | |
Ақмола | 163 240 | 132 839 | 122,9 | 105,0 | |
Ақтөбе | 157 425 | 131 128 | 120,1 | 103,7 | |
Алматы | 130 081 | 111 915 | 116,2 | 101,4 | |
Атырау | 337 861 | 295 812 | 114,2 | 98,9 | |
Батыс Қазақстан | 176 639 | 145 956 | 121,0 | 104,2 | |
Жамбыл | 130 357 | 105 788 | 123,2 | 106,9 | |
Жетісу | 120 890 | 102 499 | 117,9 | 101,4 | |
Қарағанды | 199 174 | 164 924 | 120,8 | 104,7 | |
Қостанай | 171 812 | 146 537 | 117,2 | 101,1 | |
Қызылорда | 135 005 | 119 025 | 113,4 | 97,9 | |
Маңғыстау | 218 078 | 204 128 | 106,8 | 91,0 | |
Павлодар | 185 894 | 167 337 | 111,1 | 95,5 | |
Солтүстік Қазақстан | 165 097 | 138 576 | 119,1 | 101,8 | |
Түркістан | 100 646 | 83 019 | 121,2 | 105,3 | |
Ұлытау | 252 678 | 205 967 | 122,7 | 105,1 | |
Шығыс Қазақстан | 190 682 | 159 191 | 119,8 | 103,3 | |
Астана қаласы | 241 292 | 198 557 | 121,5 | 104,2 | |
Алматы қаласы | 242 660 | 203 302 | 119,4 | 103,5 | |
Шымкент қаласы | 110 986 | 91 681 | 121,1 | 105,1 | |
Max | 337 861 | 295 812 | 123,2 | 106,9 | |
Min | 100 646 | 83 019 | 106,8 | 91,0 | |
Max /Min, есе | 3,4 | 3,6 | 1,2 | 1,2 |
2023 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, осы өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысына жуықтығын құрайды. 2023 жылғы II тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,4 есені құрады (2022 жылғы II тоқсанда – 3,6 есе).
2023 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасымен арақатынасы республика бойынша 3,8 есені құрады (2022 жылғы II тоқсанда – 3,5 есе).
* Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.
Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;
Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;
Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры-ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;
Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.
Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.
Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;
3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;
5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;
6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.
Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу
ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.
Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:
Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.
Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.
ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:
Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу
Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.
Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады: