2023 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 168097 теңгені құрады және 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 18,1% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (20%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 1,6% төмендеді.
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге | 2023 жылғы I тоқсан 2022 жылғы I тоқсанға, пайызбен | |||
---|---|---|---|---|
атаулы | нақты | |||
2023 жылғы I тоқсан | 2022 жылғы I тоқсан | |||
Қазақстан Республикасы |
168 097 | 142 289 | 118,1 | 98,4 |
Абай |
145 311 | 126 315 | 115,0 | 96,0 |
Ақмола |
148 291 | 127 469 | 116,3 | 96,1 |
Ақтөбе |
144 722 | 122 372 | 118,3 | 98,7 |
Алматы |
119 029 | 106 882 | 111,4 | 94,4 |
Атырау |
359 662 | 284 529 | 126,4 | 105,8 |
Батыс Қазақстан |
164 776 | 140 260 | 117,5 | 97,9 |
Жамбыл |
121 857 | 100 534 | 121,2 | 101,5 |
Жетісу |
109 726 | 91 650 | 119,7 | 99,8 |
Қарағанды |
181 116 | 150 398 | 120,4 | 100,2 |
Қостанай |
155 969 | 129 125 | 120,8 | 100,6 |
Қызылорда |
122 965 | 104 438 | 117,7 | 98,2 |
Маңғыстау |
208 090 | 185 621 | 112,1 | 90,7 |
Павлодар |
176 726 | 158 587 | 111,4 | 92,6 |
Солтүстік Қазақстан |
148 442 | 126 076 | 117,7 | 97,4 |
Түркістан |
91 576 | 76 232 | 120,1 | 100,0 |
Ұлытау |
238 561 | 192 244 | 124,1 | 103,2 |
Шығыс Қазақстан |
180 864 | 149 624 | 120,9 | 100,7 |
Астана қаласы |
226 196 | 194 814 | 116,1 | 94,9 |
Алматы қаласы |
230 743 | 199 332 | 115,8 | 97,1 |
Шымкент қаласы |
102 106 | 88 847 | 114,9 | 96,4 |
Max |
359 662 | 284 529 | 126,4 | 105,8 |
Min |
91576 | 76 232 | 111,4 | 90,7 |
Max /Min, есе |
3,9 | 3,7 | 1,1 | 1,2 |
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есе артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, осы өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысын құрайды. 2023 жылғы I тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,9 есені құрады (2022 жылғы I тоқсанда – 3,7 есе).
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасымен арақатынасы республика бойынша 3,7 есені құрады (2022 жылғы I тоқсанда – 3,7 есе).
* Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.
Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;
Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;
Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры-ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;
Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.
Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.
Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;
3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;
5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;
6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.
Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу
ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.
Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:
Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.
Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.
ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:
Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу
Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.
Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады: