Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    172 172 теңге
    2022 жылғы IV тоқсандағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 172172 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 20,5% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстар 0,8% өсті.
    Тоқсандар бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары
    теңге
     2022ж. IV тоқсан
    Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар

    2022 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 172172 теңгені құрады және 2021 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 20,5% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (19,6%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,8% артты.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)
    Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге 2022 жылғы IV тоқсан 2021 жылғы IV тоқсанға, пайызбен
    атаулы нақты
    2022 жылғы IV тоқсан 2021 жылғы IVтоқсан
    Қазақстан Республикасы 172 172 142 911 120,5 100,8
    Абай 129 731 101 949 127,3 106,3
    Ақмола 152 479 134 028 113,8 94,4
    Ақтөбе 142 550 128 299 111,1 93,3
    Алматы 118 348 104 572 113,2 96,3
    Атырау 341 293 260 115 131,2 110,4
    Батыс Қазақстан 159 419 135 769 117,4 98,5
    Жамбыл 113 882 94 983 119,9 101,4
    Жетісу 95 784 83 404 114,8 96,3
    Қарағанды 187 154 154 941 120,8 100,5
    Қостанай 161 456 128 576 125,6 105,4
    Қызылорда 117 871 97 513 120,9 101,5
    Маңғыстау 215 682 166 945 129,2 104,6
    Павлодар 184 359 150 373 122,6 102,9
    Солтүстік Қазақстан 150 674 127 809 117,9 98,6
    Түркістан 84 831 72 400 117,2 98,4
    Ұлытау 236 351 181 966 129,9 108,0
    Шығыс Қазақстан 187 231 164 477 113,8 95,2
    Астана қаласы 239 813 223 100 107,5 87,8
    Алматы қаласы 235 859 198 036 119,1 99,7
    Шымкент қаласы 94 475 85 341 110,7 92,9
    Max 341 293 260 115 131,2 110,4
    Min 84 831 72 400 107,5 87,8
    Max /Min, есе 4,0 3,6 1,2 1,3

    2022 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 2 есе артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, осы өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысын құрайды. 2022 жылғы IV тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 4 есені құрады (2021 жылғы IV тоқсанда – 3,6 есе).

    2022 жылғы IV тоқсандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасымен ара қатынасы
     2022ж. IV тоқсан

    2022 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасымен арақатынасы республика бойынша 3,8 есені құрады (2021 жылғы IV тоқсанда – 3,7 есе).

    * Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі. Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.

    Динамикалық кестелер
    Глоссарий

    Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;

    Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

    Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры - ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

    Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

    Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

    Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

    Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

    1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

    3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

    5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

    6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

    ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

    Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

     2022ж. IV тоқсан

    Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

    Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

    ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

     2022ж. IV тоқсан

    Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

     2022ж. IV тоқсан
    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    А. Макшаева
    Тел. +7 7172 749262
    E-mail: a.makshayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші