Ұлттық статистика бюросы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ, (BetterLifeIndex)) әдіснамасына сәйкес 2024 жылы Қазақстанда тұрмыс сапасының индексін (ТСИ) сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастырды.
Тұрмыс сапасының индексі - бұл елдің даму процесін сипаттау үшін ЭЫДҰ таңдаған әл-ауқат көрсеткіштерінің жүйесі. Даму процесін ЭЫДҰ материалдық немесе экономикалық әл-ауқаттың артуы ретінде ғана емес, сонымен бірге адамның әлеуетінің кеңеюі ретінде қарастырады. Көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанда біршама прогресс байқалады.
Қоғам. 2024 жылы халықтың моральдық қолдауға қанағаттанушылығы, яғни қиын сәтте оларға сенім артатын адам бар деген сенім 93,3% -. құрады, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен 91% -. құрайды.
Өз өміріне қанағаттанушылық. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сауалнамаға қатысқан халық өз өміріне қанағаттанушылықты 10-нан 7,6 баллға бағалап, олар күн бойы жағымсыз эмоцияларға қарағанда жағымды эмоцияларды көбірек сезінетінін атап өтті. ЭЫДҰ елдері арасында мұндай көрсеткіштің орташа мәні 7,3 балды құрады.
Жұмыс. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі (1 жылдан астам) 2024 жылы 0,2 п.т. төмендеп, 1% құрады. Жұмыспен қамтуға келетін болсақ, 2024 жылы еңбекке қабілетті жастағы халықтың 80% - дан астамы жұмыспен қамтылған, бұл ЭЫДҰ елдері бойынша жұмыспен қамтудың орташа деңгейінен асып түседі (78%).
Жұмыс/Бос уақыт. 2024 жылы Қазақстанда аптасына 50 сағат және одан да көп жұмыс істейтін жұмысшылардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,4 п.т. төмендеді және ЭЫДҰ елдерінде жұмыскерлердің 7,1% - ы үстеме жұмыс істеген кезде 2% -. құрады.
Қоғам. 2024 жылы халықтың моральдық қолдауға қанағаттанушылығы, яғни қиын сәтте оларға сенім артатын адам бар деген сенім 93,3% -. құрады, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен 91% -. құрайды.
Қауіпсіздік. Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі бойынша жүргізілген сауалнаманың соңғы деректеріне сәйкес (2024 жыл) Қазақстан халқының 93,9% - ы түнде көшелермен жүргенде өздерін қауіпсіз сезінетінін атап өтті, бұл ЭЫДҰ елдеріне қарағанда жоғары (74%).
Тұрғын үй жағдайлары. 2024 жылы кәрізбен жабдықталмаған тұрғын үй-жайлардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,8 п.т. төмендеп, 8,7%. құрады. Бір адамға шаққандағы бөлмелердің орташа саны 0,8 бөлмені, ЭЫДҰ елдері арасындағы орташа көрсеткіш – 1,7 бөлмені құрады.
Денсаулық. Қазақстанда туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2024 жылы 75,4 жасты, ЭЫДҰ бойынша көрсеткіш - 81 жасты құрады. Қазақстанда өз денсаулығына толық қанағаттанған адамдардың үлесі 49,5% –ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш - 68% құрайды.
Экология. Қазақстанда пайдаланылатын судың сапасы халықтың 92,3% - қанағаттанды, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен (84%) жоғары. Ауадағы PM 2,5 мөлшері 26,6 мкг/м3, ЭЫДҰ елдері бойынша орташа мәні 14 мкг/м3 құрайды. Айта кету керек, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,1 мкг/м3 төмендеді.
Тұрмыс сапасы - адам өмірінің барлық аспектілерінің тиімділігін, материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін, интеллектуалды, мәдени және физикалық даму деңгейін, сондай-ақ өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету дәрежесін сипаттайтын пәнаралық ұғым.
Тұрмыс сапасының индексі (ТСИ) есептеу кезінде қолда бар деректерді пайдалана отырып, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) әдіснамасы негізінде есептеледі. ТСИ-бұл ЭЫДҰ физикалық жағдайлардың (тұрғын үй жағдайлары, табыс, жұмыс) және халықтың тұрмыс сапасының (қоршаған орта, білім, экология, денсаулық, тұрмысқа қанағаттанушылық, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі) маңызды көрсеткіштері ретінде бөлген әл-ауқаттың он бір аспектісі (24 көрсеткіш) бойынша көрсеткіштер жүйесі. Әрқайсысының негізінде бір-төрт көрсеткіш жатыр, әр аспект ішіндегі есептеулер кезінде көрсеткіштер орташаланады. Уақыт өте келе ЭЫДҰ ұсынымдары бойынша болатын индекстің өзгерістерін салыстыру жүргізілмейді, өйткені әдістеме мен көрсеткіштер жиынтығы жыл сайын пысықталып, өзгеріп отырады. Мысалы, 2016 жылы «ауаның ластану деңгейі» аспектісі бойынша «100 000-нан астам халқы бар қалаларда ауадағы метрде 10 микрон аз бөлшектердің орташа өлшенген мәні (PM10)» көрсеткіші пайдаланылды, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш «диаметрі 2,5 микрон аз бөлшектердің орташа өлшенген мәні (PM2. 5) ел бойынша».