Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    189 953
    2023 жылғы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары айына 189953 теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,5% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстар 0,9% артты.
    Жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар

    2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 189953 теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 15,5% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (14,5%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,9% артты.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)
      Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге Ақшалай табыстар индексі 2023 жыл 2022 жылға пайызбен
    20231) 20222) атаулы нақты
    Қазақстан Республикасы 189 953 164 438 115,5 100,9
    Абай 164 138 139 511 117,7 103,2
    Ақмола 168 301 151 345 111,2 96,1
    Ақтөбе 163 509 142 531 114,7 100,3
    Алматы 131 885 124 587 105,9 93,6
    Атырау 319 998 291 852 109,6 96,3
    Батыс Қазақстан 172 089 151 855 113,3 99,0
    Жамбыл 129 051 112 952 114,3 99,9
    Жетісу 127 875 114 873 111,3 96,9
    Қарағанды 208 453 172 498 120,8 105,2
    Қостанай 178 837 156 124 114,5 100,1
    Қызылорда 136 698 120 896 113,1 98,9
    Маңғыстау 231 263 200 232 115,5 99,8
    Павлодар 199 404 181 426 109,9 95,9
    Солтүстік Қазақстан 178 495 156 386 114,1 98,7
    Түркістан 103 735 90 078 115,2 100,5
    Ұлытау 263 693 204 233 129,1 112,2
    Шығыс Қазақстан 208 691 183 500 113,7 99,2
    Астана қаласы 272 742 238 677 114,3 99,2
    Алматы қаласы 288 339 238 496 120,9 105,6
    Шымкент қаласы 120 218 102 796 116,9 102,6
    Max 319 998 291 852 129,1 112,2
    Min 103 735 90 078 105,9 93,6
    Max /Min, есе 3,1 3,2 1,2 1,2

    1) Нақтыланған деректер.

    2) Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептелді.

    2023 жылғы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7 артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысына жуығын құрайды. 2023 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,1 есені құрады (2022 жылы – 3,2 есе).

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;

    Атаулы ақшалай табыстар индексі - азистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Нақты ақшалай табыстар индексі – бағаның базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі өзгерісін ескере отырып атаулы ақшалай табысының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

    Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры - ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

    Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

    Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

    Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

    Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

    1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

    3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

    5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

    6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

    ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

    Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

    2023 жыл

    Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

    Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

    ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

    2023 жыл

    Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады:

    2023 жыл
    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    А. Макшаева
    Тел. +7 7172 749262
    E-mail: a.makshayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші