Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    204 963
    2024 жылғы II тоқсандағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары айына 204963 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 12,6% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстар 3,8% артты.
    Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар

    2024 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 204963 теңгені құрады және 2023 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 12,6% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (8,5%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 3,8% артты.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)
      Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге 2024 жылғы II тоқсан 2023 жылғы II тоқсанға, пайызбен
    атаулы нақты
    2024 жылғы II тоқсан 2023 жылғы II тоқсан
    Қазақстан Республикасы 204 963 181 982 112,6 103,8
    Абай 176 974 161 901 109,3 101,2
    Ақмола 184 469 166 523 110,8 101,7
    Ақтөбе 186 828 160 735 116,2 107,3
    Алматы 148 630 135 349 109,8 103,8
    Атырау 383 171 347 442 110,3 101,5
    Батыс Қазақстан 202 356 179 484 112,7 104,3
    Жамбыл 150 031 130 381 115,1 107,1
    Жетісу 135 535 124 283 109,1 100,2
    Қарағанды 226 486 203 863 111,1 100,5
    Қостанай 197 712 174 667 113,2 104,5
    Қызылорда 149 965 135 430 110,7 103,1
    Маңғыстау 278 117 216 936 128,2 116,2
    Павлодар 217 211 194 898 111,4 102,2
    Солтүстік Қазақстан 181 550 165 458 109,7 100,5
    Түркістан 119 753 101 690 117,8 110,4
    Ұлытау 283 878 247 255 114,8 106,8
    Шығыс Қазақстан 221 361 200 029 110,7 101,4
    Астана қаласы 277 211 247 987 111,8 101,6
    Алматы қаласы 297 188 245 534 121,0 111,2
    Шымкент қаласы 127 857 112 318 113,8 105,3
    Max 383 171 347 442 128,2 116,2
    Min 119 753 101 690 109,1 100.2
    Max /Min, есе 3,2 3,4 1,2 1,2

    2024 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысына жуығын құрайды. 2024 жылғы II тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,2 есені құрады (2023 жылғы II тоқсанда – 3,4 есе).

    * Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;

    Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

    Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры-ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

    Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

    Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

    Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

    Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

    1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

    3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

    5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

    6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

    ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

    Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

    #IMG_1#

    Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

    Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

    ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

    #IMG_2#

    Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады:

    #IMG_3#
    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    А. Макшаева
    Тел. +7 7172 749262
    E-mail: a.makshayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші