Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    194 971
    2024 жылғы I тоқсандағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары айына 194971 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 14,4% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстар 4,7% артты.
    Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар

    2024 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 194971 теңгені құрады және 2023 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 14,4% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (9,3%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 4,7% артты.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)
      Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге 2024 жылғы I тоқсан 2023 жылғы I тоқсанға, пайызбен  
    атаулы нақты  
    2024 жылғы I тоқсан 2023 жылғы I тоқсан  
    Қазақстан Республикасы 194 971 170 474 114,4 104,7  
    Абай 173 569 145 932 118,9 108,7
    Ақмола 174 116 151 380 115,0 105,1
    Ақтөбе 174 470 147 926 117,9 108,6
    Алматы 139 088 124 011 112,2 104,5
    Атырау 362 866 369 497 98,2 89,5
    Батыс Қазақстан 198 658 167 479 118,6 109,0
    Жамбыл 134 849 121 903 110,6 101,7
    Жетісу 129 531 112 846 114,8 104,7
    Қарағанды 212 647 185 597 114,6 103,1
    Қостанай 184 505 158 662 116,3 107,2
    Қызылорда 137 954 123 021 112,1 103,6
    Маңғыстау 235 295 207 140 113,6 103,1
    Павлодар 207 646 182 457 113,8 104,3
    Солтүстік Қазақстан 166 277 148 803 111,7 102,0
    Түркістан 109 628 92 585 118,4 108,8
    Ұлытау 260 814 232 155 112,3 102,7
    Шығыс Қазақстан 211 317 190 122 111,1 101,0
    Астана қаласы 264 259 231 911 113,9 104,2
    Алматы қаласы 287 213 233 622 122,9 111,9
    Шымкент қаласы 121 994 103 390 118,0 108,3
    Max 362 866 369 497 122.9 111,9
    Min 109 628 92 585 98,2 89,5
    Max /Min, есе 3,3 4,0 1,3 1,3

    2024 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, осы өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысына жуығын құрайды. 2024 жылғы I тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,3 есені құрады (2023 жылғы I тоқсанда – 4 есе).

    * Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;

    Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

    Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры-ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

    Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

    Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

    Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

    Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

    1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

    3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

    5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

    6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

    ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

    Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

    2024 жылғы I тоқсан

    Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

    Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

    ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

    2024 жылғы I тоқсан

    Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады:

    2024 жылғы I тоқсан
    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    А. Макшаева
    Тел. +7 7172 749262
    E-mail: a.makshayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші