Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    28 718,5 млн. тонна
    2024 жылдың соңындағы көмір қоры
    2 850,2 млн. тонна
    2024 жылдың соңындағы мұнай қоры
    1 303,5 млрд. м³
    2024 жылдың соңындағы табиғи газ қоры
    Негізгі нәтижелер

    Минералдық және энергетикалық ресурстар бойынша активтерді есепке алу шоты олардың қорлары және есепті кезеңдер арасындағы қорлардың өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады. Жарияланымда Қазақстанның минералдық-энергетикалық ресурстарының негізгі түрлері: көмір, мұнай, табиғи газ, темір кені, алтын және басқа да пайдалы қазбалар бойынша деректер ұсынылған.

    2024 жылдың соңында көмір қоры 28718,5 млн тоннаны, мұнай қоры – 2850,2 млн тоннаны, табиғи газ қоры – 1303,5 млрд м³-ті, темір кені қоры –12463,0 млн тоннаны құрады. Есепті жылы көмір өндіру көлемі 90,2 млн тоннаны, мұнай өндіру – 78,1 млн тоннаны, табиғи газ өндіру – 34,4 млрд м³-ті, ал темір кенін өндіру 29,8 млн тоннаны құрады.

    2024 жылғы көмір, мұнай және газ қорларының өзгерістері
      Көмір (млн. тонна) Мұнай (млн. тонна) Газ (млрд. м³)
    Қорларға қосу 12,9 41,0 4,7
    Жаңа қорлардың ашылуы 0,2 7,6 1,1
    Ұлғайту бағытында қайта бағалау 12,7 33,4 3,6
    Санатты өзгерту      
    Қорлардың кемуі 92,6 78,1 34,4
    Өндіру 90,2 78,1 34,4
    Ерекше шығындар 3,0 0,0 0,0
    Төмендету бағытында қайта бағалау -0,6 0,0 0,0
    Минералды және энергетикалық ресурстар қорлары, кезең соңына 28 718,5 2 850,2 1 303,5
    Глоссарий

    Минералдық және энергетикалық ресурстар қоры – белгілі бір күнге кен орындарында орналасқан және есепке алынатын минералдық және энергетикалық ресурстардың көлемі.

    Жаңа қорлардың ашылуы – жаңа кен орындарын немесе бұрыннан белгілі кен орындарының қосымша қорларын анықтау және мемлекеттік есепке қою.

    Қорларды қайта бағалау – геологиялық деректердің нақтылануына, өндіру технологияларының өзгеруіне, экономикалық жағдайлардың немесе ресурстар бағасының өзгеруіне байланысты бұрын есепке алынған қорлар көлемінің өзгеруі.

    Алып қою (өндіру) көлемі – аршу жұмыстарын есепке алмай және қайта өңдеу немесе байыту жүргізілгенге дейін кен орнынан нақты өндіріп алынған минералдық және энергетикалық ресурстардың көлемі.

    Аршу жұмыстары – пайдалы қазбаларға қол жеткізуге кедергі келтіретін топырақты, тау жыныстарын және өзге де материалдарды алып тастауға бағытталған жұмыстар.

    Төтенше шығындар – авариялар, өрттер, опырылулар немесе өзге де төтенше жағдайлар салдарынан ресурстарды әрі қарай өндіру мүмкіндігін жоғалтуға әкелетін шығындар.

    Ресурстарды қайта сыныптау – жаңа геологиялық деректердің, экономикалық жағдайлардың немесе мемлекеттік органдар шешімдерінің негізінде кен орнының санатын немесе сыныбын өзгерту.

    Минералдық және энергетикалық ресурстар – мұнайды, табиғи газды, көмірді, кендерді және өзге де пайдалы қазбаларды қамтитын минералдық және энергетикалық сипаттағы табиғи ресурстар.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Минералдық және энергетикалық ресурстар бойынша активтерді есепке алу шоттары заттай мәнде есепті кезеңнің басындағы және соңындағы ресурстар қорларын, сондай-ақ есепті кезең ішінде болған өзгерістерді көрсетеді.

    Ресурстарды есепке алу минералдық және энергетикалық ресурстардың түрлері бойынша табиғи өлшем бірліктерінде жүргізіледі. Ресурстың түріне қарай тонна, текше метр, баррель және басқа да өлшем бірліктері пайдаланылады. Әрбір ресурс түрі бойынша деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай өлшем бірлігі қолданылады.

    Ресурстар қоры мынадай санаттар бойынша жіктеледі: коммерциялық тұрғыдан өндірілетін ресурстар; әлеуетті коммерциялық тұрғыдан өндірілетін ресурстар; коммерциялық емес және өзге де белгілі кен орындары.

    Есепті кезең ішінде ресурстар қорының өзгеруі жаңа қорлардың ашылуына, қорларды қайта бағалауға, өндіруге, төтенше шығындарға және кен орындарын қайта сыныптауға байланысты болуы мүмкін.

    Шоттың деректері ресурстық базаның тұрақтылығын бағалау, табиғи капиталдың сарқылуын талдау, ұлттық байлық бойынша материалдар дайындау, сондай-ақ өндіруші сектордың қоршаған ортамен және экономикамен байланысын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру үшін пайдаланылады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    А. Ахмадиева, С. Келденов
    Тел. +7 7172 74 98 14
    +7 7172 74 92 80
    E-mail: a.akhmadieva@aspire.gov.kz
    s.keldenov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд