Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    825,5 млн тонна
    2023 жыл соңындағы материалдардың ішкі өндірілуі
    700,3 млн тонна
    2023 жыл соңындағы материалдардың ішкі тұтынылуы
    -125,2 млн тонна
    жыл соңындағы материалдардың физикалық сауда балансы
    Негізгі нәтижелер

    2023 жылы Қазақстанда материалдардың ішкі тұтынылуы 700,3 млн тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 49,0 млн тоннаға, немесе 7,5%-ға артты. Материалдардың ішкі тұтынылуының өсуі ұлттық экономикада нақты пайдаланылған материалдар көлемінің ұлғайғанын көрсетеді.

    2023 жылы материалдардың ішкі өндірілуі 825,5 млн тоннаға, ал материалдардың ішкі енгізілуі 834,4 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар материалдар экспорты импорт көлемінен едәуір асып түсіп, нәтижесінде –125,2 млн тонна көлемінде теріс физикалық сауда балансы қалыптасты.

    Материалдық ағындар шотының негізгі көрсеткіштері
    Млн. тонна
    Көрсеткіш 2021 2022 2023
    Ішкі өндіріс 771,5 803,2 825,5
    Материалдар импорты 7,7 7,8 8,9
    Материалдар экспорты 127,9 122,2 134,1
    Материалдарды ішкі енгізу 779,2 811,0 834,4
    Материалдарды ішкі тұтыну 651,3 688,8 700,3
    Материалдардың физикалық сауда балансы -120,2 -114,3 -125,2
    Қордың таза толтыруы 204,4 236,5 252,9
    Динамикалық кестелер
    Глоссарий

    Материалдардың ішкі өндірілуі – қоршаған ортадан алынған және ел экономикасында пайдаланылған материалдардың көлемі.

    Материалдар импорты – басқа елдерден материалдардың, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің елдің экономикалық аумағына әкелінуі.

    Материалдар экспорты – материалдардың, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің елдің экономикалық аумағынан тыс жерлерге әкетілуі.

    Материалдардың ішкі енгізілуі – материалдардың ішкі өндірілуі мен материалдар импортының жиынтық көлемі.

    Материалдардың ішкі тұтынылуы – ұлттық экономикада нақты пайдаланылған материалдардың көлемі. Материалдардың ішкі енгізілуінен экспорт көлемін шегеру арқылы есептеледі.

    Материалдардың физикалық сауда балансы – материалдар импорты мен экспорты арасындағы физикалық көлемдегі айырма.

    Ішкі қайта өңделген өнімдер – өндіріс пен тұтынудан кейін экономикадан қоршаған ортаға қайтарылатын материалдар.

    Қорлардың таза толықтырылуы – есепті кезең ішінде экономикадағы материалдық қорлардың өсімі.

    Биомасса – экономикалық қызметте пайдаланылатын биологиялық текті материалдар.

    Қазбалы отын – көмірді, мұнайды, табиғи газды және олармен байланысты өнімдерді қамтитын минералдық текті энергетикалық материалдар.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Материалдық ағындар шоты Табиғи-экономикалық есепке алу жүйесінің (ТЭЕЖ 2012) құралдарының бірі болып табылады және қоршаған орта мен экономика арасындағы материалдардың физикалық ағындарын көрсетуге арналған.

    Шоттың негізгі мақсаты – экономикалық қызмет барысында материалдық ресурстарды пайдалануға кешенді бағалау жүргізуді және экономиканың қоршаған ортаға әсерін талдауды қамтамасыз ету.

    Шот шеңберінде қоршаған ортадан экономикаға түсетін табиғи ресурстардың ағындары, экономика ішіндегі материалдар мен өнімдердің қозғалысы, сондай-ақ қалдықтар, шығарындылар және басқа да қалдық өнімдер түрінде қоршаған ортаға қайта қайтарылатын материалдық ағындар есепке алынады. Мұндай тәсіл материалдық ресурстардың қоршаған ортадан алынуынан бастап түпкілікті пайдаланылуы мен есептен шығарылуына дейінгі бүкіл өмірлік циклін қадағалауға мүмкіндік береді.

    Материалдық ағындар шотының көрсеткіштері ресурстарды тұтыну көлемін, экономиканың материал сыйымдылығын, ресурстық тиімділік деңгейін бағалау және тұрақты дамуды мониторингтеуге арналған статистикалық базаны қалыптастыру үшін пайдаланылады.

    Шот материалдық ресурстарды пайдалану туралы деректердің макроэкономикалық көрсеткіштермен салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және экономикалық өсім мен табиғи ресурстарды тұтыну арасындағы өзара байланысты талдауға мүмкіндік береді.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    С. Келденов
    Тел. +7 7172 74 92 80
    E-mail: s.keldenov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс