Өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда бағаның өсуі шақпақ қантқа – 51,7%, қиярға – 50,9%, консервіленген сүтке – 44,5%, күрішке – 43,9%, пиязға – 35,3%, қаймаққа – 33,5%, минералды суға – 31,4%, макарон өнімдеріне – 30,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 30,4%, сұлы жармасына – 29,6%, ұнтақ, арпа жармасына – 28%-дан, қызанаққа – 25,7%, пастерленген сүтке 24,5% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 53,4% байқалды.
Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 68,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 44,7%, жеке қолданылатын тауарларға – 31,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 24,5%, ыдысқа – 20,5%, құрылыс материалдарына – 18,3%, киім және аяқ киімге 16,6% өсті. Дизель отыны 34,9% қымбаттады.
Тұрғын үйді жалға алу 27,1% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 20%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 17,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 17,2%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15,7%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 15,1%, санаторийлер қызметтеріне – 15%, білім беру қызметтеріне – 14,6%, қонақ үйлер қызметтеріне 14% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері– 26,9%, әуе көлігі қызметтері 24,2% қымбаттады.
Тарифтер қоқыс шығаруға – 22,4%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 19,9%, орталықтан жылытуға – 10%, электр энергиясына, ыстық суға 8,6%-дан өсті.
Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы сәуірде жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (19,1%), Солтүстік Қазақстан (17,9%), Павлодар (17,8%), Жетісу (17,7%), Астана қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында (17,6%-дан), Ұлытау (17,5%), Ақтөбе (17%), Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстарында (16,9%-дан) қалыптасты.
2023 | 2022 | 2021 | |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 16,8 | 13,2 | 7,0 |
Абай | 16,4 | … | … |
Ақмола | 17,6 | 13,8 | 7,3 |
Ақтөбе | 17,0 | 13,5 | 8,0 |
Алматы | 16,0 | 12,4 | 7,0 |
Атырау | 16,9 | 12,0 | 7,5 |
Батыс Қазақстан | 17,6 | 12,2 | 7,0 |
Жамбыл | 15,7 | 13,2 | 6,9 |
Жетісу | 17,7 | … | … |
Қарағанды | 16,9 | 13,5 | 7,2 |
Қостанай | 16,9 | 12,6 | 7,0 |
Қызылорда | 16,8 | 12,4 | 6,9 |
Маңғыстау | 19,1 | 13,9 | 7,9 |
Павлодар | 17,8 | 12,5 | 6,9 |
Солтүстік Қазақстан | 17,9 | 12,7 | 7,1 |
Түркістан | 15,7 | 15,5 | 7,2 |
Ұлытау | 17,5 | … | … |
Шығыс Қазақстан | 16,7 | 13,7 | 7,6 |
Астана қаласы | 17,6 | 14,0 | 6,1 |
Алматы қаласы | 16,4 | 13,2 | 6,4 |
Шымкент қаласы | 16,0 | 12,5 | 7,0 |
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (7,4 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (1,6 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,5 пайыздық тармақ).
Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 26,3%, ет және ет өнімдеріне 13,1% жоғарылады және инфляцияға 1,8 және 1,6 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 26,9% қымбаттауы 1 пайыздық тармаққа, жемістер мен көкөністер (7,8%) – 0,6 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (22,7%) - 0,5 пайыздық тармаққа үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 15,3% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы сәуірде тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы наурызбен салыстырғанда 27,1% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,7 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (16,3%) – 0,4 пайыздық тармақ үлес қосты.
Тауарлар мен қызметтер | Өсу қарқыны | Баға өсіміне салым |
Азық-түлік тауарлар | 17,9 | 7,703 |
Нан өнімдері мен жармалар | 26,3 | 1,847 |
Ет және ет өнімдері | 13,1 | 1,552 |
Сүт өнімдері | 26,9 | 0,992 |
Жұмыртқа | 23,7 | 0,264 |
Май және тоң май | 14,9 | 0,334 |
Жемістер мен көкөністер | 7,8 | 0,637 |
Қант | 7,1 | 0,063 |
Алкогольсіз сусындар | 22,7 | 0,483 |
Азық-түлік емес тауарлар | 18,2 | 5,305 |
Киім | 15,8 | 0,986 |
Аяқ киім | 18,4 | 0,539 |
Жуғыш заттар | 44,7 | 0,669 |
Бензин | 9,9 | 0,231 |
Жеке қолдану тауарлар | 31,7 | 0,919 |
Ақылы қызметтер | 13,7 | 3,772 |
Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 15,3 | 1,944 |
тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем | 19,9 | 0,179 |
тұрғын үйді жалға алу | 27,1 | 0,665 |
тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету | 16,3 | 0,387 |
суық су | 3,8 | 0,020 |
ыстық су | 8,6 | 0,033 |
қоқыс шығару | 22,4 | 0,063 |
суды бұру | 7,1 | 0,016 |
электрэнергия | 8,7 | 0,197 |
Газ | 2,7 | 0,033 |
тарату желілері арқылы тасымалданатын газ |
2,4 | 0,024 |
сұйытылған | 3,8 | 0,009 |
орталықтан жылыту | 10,0 | 0,123 |
қатты отын | 12,9 | 0,215 |
домофон | 7,3 | 0,013 |
Сәуір | ||||
тауарлар мен қызметтер | азық-түлік тауарлар | азық-түлік емес тауарлар | ақылы қызметтер | |
2018 | 0,4 | 0,6 | 0,4 | 0,2 |
2019 | 0,5 | 0,9 | 0,4 | 0,1 |
2020 | 0,9 | 1,9 | 0,3 | 0,1 |
2021 | 0,9 | 1,0 | 1,0 | 0,5 |
2022 | 2,0 | 3,1 | 1,2 | 1,0 |
2023 | 0,9 | 0,9 | 1,3 | 0,4 |
Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Вклад – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:
Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.
Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.
Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін
қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.