Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    18,1%
    2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 18,1% құрады және 3,2% баяулады (2023 жылғы ақпанда – 21,3%).
    20,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 20,5% (2023 жылғы ақпанда – 26,2%), азық-түлік емес тауарларға – 18,1% (2023 жылғы ақпанда – 20,5%), ақылы қызметтерге 14,4% (2023 жылғы ақпанда – 15%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2023ж. наурыз
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы наурызбен салыстырғанда бағаның өсуі пиязға – 55,1%, консервіленген сүтке – 47,1%, күрішке – 43,8%, қиярға – 40,9%, макарон өнімдеріне – 35,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, қаймаққа – 34,9%-дан, ұнға – 33,2%, минералды суға – 32,8%, сұлы жармасына – 32,1%, арпа жармасына – 31,1%, тұздалған майшабаққа 30,4% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 51,1% байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 72,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 47,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 37%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 25,9%, ыдысқа – 21,6%, құрылыс материалдарына – 21,5%, киім және аяқ киімге 17,9% өсті. Дизель отыны 15,9% қымбаттады.

    Тұрғын үйді жалға алу 30,8% өсті. Баға қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 20,4%, кешенді демалу ұйымдарына, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 19,2%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 17,1%, санаторийлер қызметтеріне – 16,5%, білім беру қызметтеріне – 15,6%, қонақ үйлер қызметтеріне – 14% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері– 31,2%, әуе көлігі қызметтері 16,6% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 22,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 19,6%, орталықтан жылытуға – 9,9%, электр энергиясына – 8,6%, ыстық суға 7,7% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы наурызда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (21,7%), Астана қаласында (19,9%), Солтүстік Қазақстан (18,9%), Ақмола облыстарында (18,8%), Шығыс Қазақстан, Павлодар (18,7%-дан), Батыс Қазақстан, Қарағанды (18,5%), Атырау, Қызылорда және Ұлытау (18,3%-дан) облыстарында қалыптасты.

    Өңірлерде наурыз айындағы жылдық инфляция, %
      2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 18,1 12,0 7,0
    Абай 17,8 ... ...
    Ақмола 18,8 12,6 7,5
    Ақтөбе 17,7 12,9 7,1
    Алматы 16,7 11,7 7,0
    Атырау 18,3 10,7 7,3
    Батыс Қазақстан 18,5 10,7 7,1
    Жамбыл 17,2 11,8 7,1
    Жетісу 18,1 ... ...
    Қарағанды 18,5 12,0 7,8
    Қостанай 17,9 11,9 7,0
    Қызылорда 18,3 11,1 7,0
    Маңғыстау 21,7 11,9 7,7
    Павлодар 18,7 11,4 6,6
    Солтүстік Қазақстан 18,9 11,7 7,3
    Түркістан 17,8 12,9 7,4
    Ұлытау 18,3 ... ...
    Шығыс Қазақстан 18,7 12,0 7,4
    Астана қаласы 19,9 12,0 6,4
    Алматы қаласы 17,2 12,3 6,5
    Шымкент қаласы 16,6 12,4 6,7
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (8,4 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,1 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (1,8 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,6 пайыздық тармақ), үйге қажетті заттар (1,4 пайыздық тармақтан).

    2022 жылғы наурыз бен 2023 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
    2023ж. наурыз

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 30,4%, ет және ет өнімдеріне 14,7% жоғарылады және инфляцияға 2,1 және 1,7 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 29,1% қымбаттауы 1,1 пайыздық тармаққа, жемістер мен көкөністер (10,6%) – 0,8 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (25,8%) - 0,6 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 16,4% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 2,1 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы наурызда тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы наурызбен салыстырғанда 30,8% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,8 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (18,8%) – 0,4 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 20,5 8,703
    Нан өнімдері мен жармалар 30,4 2,125
    Ет және ет өнімдері 14,7 1,735
    Сүт өнімдері 29,1 1,068
    Жұмыртқа 23,4 0,260
    Май және тоң май 17,8 0,398
    Жемістер мен көкөністер 10,6 0,775
    Қант 14,0 0,124
    Алкогольсіз сусындар 25,8 0,548
    Азық-түлік емес тауарлар 18,1 5,316
    Киім 16,8 1,058
    Аяқ киім 20,1 0,586
    Жуғыш заттар 47,8 0,713
    Бензин 0,1 0,001
    Жеке қолдану тауарлар 37,0 1,073
    Ақылы қызметтер 14,4 3,998
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 16,4 2,071
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 19,6 0,176
    тұрғын үйді жалға алу 30,8 0,752
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 18,8 0,443
    суық су 3,8 0,020
    ыстық су 7,7 0,029
    қоқыс шығару 22,8 0,064
    суды бұру 7,1 0,016
    электрэнергия 8,6 0,196
    Газ 2,5 0,032
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    2,4 0,024
       сұйытылған 3,2 0,008
    орталықтан жылыту 9,9 0,121
    қатты отын 12,6 0,210
    домофон 6,8 0,012
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік тауарларға 1,1%, азық-түлік емес тауарларға, ақылы қызметтерге – 0,8%-дан өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
      Наурыз
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,5 0,8 0,5 0,2
    2019 0,5 1,0 0,3 0,2
    2020 0,9 1,7 0,4 0,5
    2021 0,6 0,8 0,7 0,2
    2022 3,7 5,8 2,8 1,4
    2023 0,9 1,1 0,8 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Д. Көбегенова
    Тел. +7 7172 749776
    E-mail: d.kobegenova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші