Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    20,3%
    2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 20,3% құрады және 0,7% жылдамдады (2022 жылғы қарашада – 19,6%)
    25,3%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 25,3% (қарашада – 24,1%), азық-түлік емес тауарларға – 19,4% (қарашада – 18,6%), ақылы қызметтерге 14,1% (қарашада – 14,1%) өсті
    1,2%
    Инфляция бір айда 1,2% құрады, бұл соңғы 5 жылда инфляция деңгейінен жоғары
    2021-2022 жылдардағы Қазақстан Республикасы бойынша жылдық инфляция
    2022ж. желтоқсан
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның өсуі қантқа 64,9%, қиярға 47,9%, банандарға 46,2%, консервіленген сүтке 43,3%, ұнға 43,2%, арпа жармаға 42,3%, қаймаққа 38%, макарон өнімдеріне 36,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне 35,8% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 15,2%, сәбізге 0,8% байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларға 70,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 47,8%, жеке қолданылатын тауарларға 38,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 29,2%, тұрмыс құралдарына 24,9%, құрылыс материалдарға 24,8%, киім және аяқ киімге 17,6% өсті. Дизель отыны 14,2% қымбаттады, ал баллондағы сұйытылған газ 23% арзандады.

    Тұрғын үйді жалға алу 39,8% өсті. Баға қоғамдық тамақтандыру қызметтерін 25,2%, кешенді демалу ұйымдарына 25%, денсаулық сақтау қызметтеріне 18,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 18,1%, санаторийлер қызметтеріне 16,6% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері 19,9%, әуе көлігі қызметтері 16,8% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға 19,5%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 17,5%, электр энергияға 7,5% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (24%), Астана қаласында (23%), Ақмола (21,1%), Ұлытау (20,8%), Қарағанды (20,7%), Солтүстік Қазақстан (20,6%), Туркістан (20,5%) облыстарында қалыптасты.

    Өңірлерде желтоқсан айындағы жылдық инфляция, %
      2022 2021 2020
    Қазақстан Республикасы 20,3 8,4 7,5
    Абай 20,1
    Ақмола 21,1 8,9 7,4
    Ақтөбе 19,8 8,7 7,5
    Алматы 17,7 8,2 7,3
    Атыра 19,7 8,3 7,8
    Батыс Қазақстан 20,2 8,5 7,2
    Жамбыл 19,8 8,1 7,3
    Жетісу 19,9
    Қарағанды 20,7 8,5 7,7
    Қостанай 20,2 8,3 7,2
    Қызылорда 19,9 8,2 7,2
    Маңғыстау 24,0 9,2 7,9
    Павлодар 20,1 8,3 7,9
    Солтүстік Қазақстан 20,6 8,4 7,2
    Түркістан 20,5 8,3 8
    Ұлытау 20,8
    Шығыс Қазақстан 20,0 9,1 7,3
    Астана қаласы 23,0 8,8 7,7
    Алматы қаласы 20,1 8,2 7,2
    Шымкент қаласы 19,7 8,2 7,1

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (10 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (2,2 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,8 пайыздық тармақ).

    2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2022ж. желтоқсан

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 33,6%, ет және ет өнімдеріне 16,6% жоғарылады және инфляцияға 2,3 және 1,8 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға, сүт өнімдері 31,3% қымбаттауы 1,3 пайыздық тармаққа, жемістер мен көкөністерге (21%) – 1,3 пайыздық тармаққа, қант (64,9%) - 0,6 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 15,6% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 2 пайыздық тармақты құрады. 2022 жылғы қантар-желтоқсанда тұрғын үйді жалға алу өткен жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 39,8% жоғары болды және жылдық инфляцияға 1 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер тиісінше – 21,8% және 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2022 жылғы қантар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 25,28 10,351
    Нан өнімдері мен жармалар 33,61 2,271
    Ет және ет өнімдері 16,57 1,770
    Сүт өнімдері 31,31 1,303
    Жұмыртқа 22,92 0,204
    Май және тоң май 21,84 0,510
    Жемістер мен көкөністер 21,00 1,333
    Қант 64,90 0,602
    Алкогольсіз сусындар 26,11 0,588
    Азық-түлік емес тауарлар 19,38 5,966
    Киім 16,85 1,147
    Аяқ киім 19,20 0,627
    Жуғыш заттар 47,79 0,637
    Бензин -0,31 -0,008
    Жеке қолдану тауарлар 38,48 1,241
    Ақылы қызметтер 14,07 3,968
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,57 1,965
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 17,45 0,158
    тұрғын үйді жалға алу 39,78 0,963
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 21,75 0,500
    суық су 1,49 0,007
    ысты су 0,48 0,001
    қоқыс шығару 19,52 0,048
    суды бұру 2,99 0,006
    электрэнергия 7,52 0,174
    Газ -6,14 -0,066
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ -0,01 0,000
    сұйытылған -23,03 -0,066
    орталықтан жылыту 0,68 0,009
    қатты отын 10,00 0,159
    домофон 3,93 0,006
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік тауарларға 1,6%, азық-түлік емес тауарларға – 1,3%, ақылы қызметтерге – 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
      Желтоқсан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2017 0,7 1,1 0,5 0,3
    2018 0,7 1,2 0,5 0,2
    2019 0,7 1,1 0,6 0,3
    2020 0,9 1,5 0,5 0,4
    2021 0,6 0,6 0,7 0,5
    2022 1,2 1,6 1,3 0,5
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Ш. Әшірбеков
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: chi.ashirbekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші