Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    10%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы наурызда бір жылда 10% (2025 жылғы ақпанда – 9,4%), бір айда – 1,3% құрады (өткен айда – 1,5%).
    14,3%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 14,3% (2025 жылғы ақпанда – 14,1%), азық-түлік емес тауарларға – 9,1% (2025 жылғы ақпанда – 8,7%), азық-түлік тауарларға – 7,6% өсті (2025 жылғы ақпанда – 6,5%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы наурызбен салыстырғанда тарифтер суық суға – 88,4%, су бұруға – 23,7%, орталықтан жылытуға – 19%, ыстық суға – 14,6%, электр энергиясына – 14,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,3%, қоқыс шығаруға – 11,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 11% өсті.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 47,3%, байланыс қызметтеріне – 13,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,4%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 12,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 11,3%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,2% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 23,6%, қалалық автобуспен – 11,2%, жолаушылар әуе көлігімен 10% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 14,9% өсті.

    Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 48%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 26,6%, жаңа жеңіл автомобильдерге – 21,6%, еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 13,9%, киім және аяқ киімге – 10,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 10% өсті. Сұйытылған газ баллондағы – 23%, ағаш 14,8% қымбаттады.

    Бағаның өсуі картопқа – 66,4%, басты пиязға – 32,2%, қырыққабатқа – 27,3%, минералды және ауыз суға – 17,1%, күнбағыс майына – 16,8%, кондитерлік өнімдерге – 15%, қызанақтарға – 14,9%, банандарға – 14,6%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 13%, сары майға – 12,2%, жеміс және көкөніс шырындарға – 11,4%, сиыр етіне – 11,2%, салқындатылған сусындарға – 11,1%, балық және теңіз өнімдеріне 10,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 17,7%, жұмыртқаларға – 8,3%, сәбізге – 7,4%, күрішке 6,3% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы наурызда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын жеті өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (13,3%), Қарағанды (12,1%), Ақмола (12%) облыстарында.

    Өңірлердегі наурыз айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 10,0 9,1 18,1
    Абай 9,6 9,3 17,8
    Ақмола 12,0 9,0 18,8
    Ақтөбе 9,4 8,8 17,7
    Алматы 7,8 6,5 16,7
    Атырау 9,7 9,2 18,3
    Батыс Қазақстан 10,9 8,6 18,5
    Жамбыл 8,2 8,5 17,2
    Жетісу 8,7 9,2 18,1
    Қарағанды 12,1 10,8 18,5
    Қостанай 9,0 8,3 17,9
    Қызылорда 9,0 8,1 18,3
    Маңғыстау 9,6 10,1 21,7
    Павлодар 6,9 9,8 18,7
    Солтүстік Қазақстан 10,0 9,7 18,9
    Түркістан 9,2 8,0 17,8
    Ұлытау 10,4 9,0 18,3
    Шығыс Қазақстан 10,1 9,7 18,7
    Астана қаласы 13,3 9,4 19,9
    Алматы қаласы 10,4 9,7 17,2
    Шымкент қаласы 8,4 9,1 16,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,9 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау (1,2 пайыздық тармақ) қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 16% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы наурызда өткен жылы наурызбен салыстырғанда тұрғын үйді жалға беру тарифтері 14,9% өсіп және жылдық инфляцияға – 0,5 пайыздық тармаққа, суық суға тарифтер (88,4%) – 0,4 пайыздық тармаққа, электр энергиясы (14,3%), тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету (6%) тарифтеріне 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    Жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасы – 8%, жемістер мен көкөністер 11,9% өсіп, инфляцияға тиісінше 0,9 және 0,7 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Май және тоң май – 13,1%, сүт өнімдері бағасының 6,1% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақтан, алкоголсіз сусындар (9,9%), нан өнімдері мен жармалар (3,1%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    Жылдық мәнде киім – 10,5%, аяқ киім 11,7% қымбаттады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,4 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    2025 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 7,6 3,137
    Нан өнімдері мен жармалар 3,1 0,214
    Ет және ет өнімдері 8,0 0,929
    Сүт өнімдері 6,1 0,260
    Жұмыртқа -8,3 -0,117
    Май және тоң май 13,1 0,306
    Жемістер мен көкөністер 11,9 0,700
    Қант 0,7 0,007
    Алкогольсіз сусындар 9,9 0,202
    Азық-түлік емес тауарлар 9,1 2,689
    Киім 10,5 0,649
    Аяқ киім 11,7 0,360
    Жуғыш заттар 1,4 0,020
    Бензин 1,8 0,086
    Жеке қолдану тауарлар 6,1 0,192
    Ақылы қызметтер 14,3 4,152
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 16,0 1,834
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 11,0 0,059
    тұрғын үйді жалға алу 14,9 0,520
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,0 0,189
    суық су 88,4 0,424
    ыстық су 14,6 0,038
    қоқыс шығару 11,1 0,033
    суды бұру 23,7 0,044
    электр энергиясы 14,3 0,182
    газ 14,9 0,130
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    13,3 0,098
    сұйытылған 23,0 0,032
    орталықтан жылыту 19,0 0,131
    қатты отын 9,9 0,073
    домофон 12,6 0,011
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі – 1,6%, ақылы қызметтер – 1,3%, азық-түлік емес тауарлар 0,8% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Наурыз
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,6 0,8 0,7 0,2
    2022 3,7 5,8 2,8 1,4
    2023 0,9 1,1 0,8 0,8
    2024 0,7 0,6 0,5 1,1
    2025 1,3 1,6 0,8 1,3
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші