Ағымдағы бағада, млн. теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 36 333 534,5 | 98,5 | 113,5 | 55,7 |
үй шаруашылықтарының | 28 111 361,7 | 99,0 | 113,2 | 43,0 |
мемлекеттік басқару органдарының | 7 534 550,9 | 96,2 | 114,3 | 11,6 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 4 026 108,4 | 88,3 | 116,2 | 6,2 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 3 508 442,5 | 106,7 | 112,3 | 5,4 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 687 621,9 | 102,5 | 116,6 | 1,1 |
Жалпы қорланым | 15 974 639,9 | 101,0 | 108,6 | 24,4 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 13 610 739,5 | 103,0 | 108,5 | 20,8 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 2 363 900,4 | - | 109,5 | 3,6 |
Таза экспорт | 13 006 536,9 | - | - | 19,9 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 32 046 551,7 | 118,0 | 134,4 | 49,1 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 19 040 014,8 | 111,2 | 114,1 | 29,2 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 65 314 711,3 | 103,0 | 121,2 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 65 487 797,9 | 103,0 | 119,9 | - |
Статистикалық алшақтық* | 173 086,6 | - | - | - |
* Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстардың үлесі 55,6%, жалпы қорланым – 24,4%, таза экспорт – 19,7% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-ге таза экспорттың үлесі айтарлықтай өсті (10%-ға), бұл Covid-шектеулерді алып тастауға және тауарлар мен қызметтер экспортының және импортының ұлғаюына байланысты.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 1,5%-ға төмендеуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті бойынша нақты мәнде 1%-ға төмендеу байқалады.
Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 %-ға өсуді көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.