ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    102 891 845,6 млн.
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі (алдын-ала деректер бойынша) 102891845,6 млн.теңгені құрады.
    3,3%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 3,3%-ға өстті.
    103 557 816,6 млн.
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ түпкілікті тұтыну әдісімен (алдын-ала деректер бойынша) 103557816,6 млн. теңгені құрады.

    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық (-665971,1 млн.теңгені) немесе ЖІӨ-нің (-0,6%) - құрады.

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағада, млн. теңге Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 62 496 520,6 103,3 114,6 60,4
    үй шаруашылықтарының 49 724 894,8 102,0 115,0 48,0
    мемлекеттік басқару органдарының 11 680972,2 109,1 113,1 11,3
    жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге 6 370 009,9 109,4 113,6 6,2
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 5 310 962,3 108,9 112,6 5,1
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 1 090 653,6 102,7 113,8 1,1
    Жалпы қорланым 25 030 635,8 101,7 110,5 24,2
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 22 164 159,5 103,6 110,6 21,4
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 2 866 476,3 - 109,9 2,8
    Таза экспорт 16 030 660,3 - - 15,4
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 43 354 558,7 110,2 128,5 41,8
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 27 323 898,4 111,6 115,9 26,4
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім 103 557 816,7 103,3 118,6 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 102 891 845,6 103,3 118,6 -
    Статистикалық алшақтық* -665 971,1 - - -
    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстардың үлесі 60,8%, жалпы қорланым – 24,3%, таза экспорт – 15,5% құрады.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-ге таза экспорттың үлесі айтарлықтай өсті (4,3%-ға).

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ құрылымы
    пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 3,3%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті бойынша нақты мәнде 2%-ға өсу байқалады.

    Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға өсуді көрсетті.

    Түпкілікті пайдалану әдісімен компоненттердің ЖІӨ НКИ
    өткен жылға пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова, Серік Д.Ә.
    Тел. +7 7172 74 97 92
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Пікірлер мен ұсыныстар