2023 жылы қаңтар-наурызда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 4,3%, 5,1% және 7,0% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге | қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 23 494 910,3 | 104,9 | 114,4 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 8 261 725,8 | 104,3 | 103,6 | 35,1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 520 887,5 | 103,5 | 107,4 | 2,2 |
Өнеркәсіп | 6 831 273,2 | 102,9 | 103,6 | 29,0 |
Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 2 991 124,8 | 100,2 | 96,8 | 12,7 |
Өңдеу өнеркәсібі | 3 369 887,9 | 105,4 | 110,0 | 14,3 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 401 852,9 | 106,1 | 106,5 | 1,7 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 68 407,6 | 106,7 | 106,3 | 0,3 |
Құрылыс | 909 565,1 | 115,7 | 101,4 | 3,9 |
Қызметтер өндіру | 13 129 518,0 | 105,1 | 121,8 | 55,9 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 3 798 356,0 | 111,5 | 121,1 | 16,2 |
Көлік жәнежинақтау | 1 341 611,1 | 107,6 | 107,5 | 5,7 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 215 364,5 | 102,3 | 123,3 | 0,9 |
Ақпарат және байланыс | 388 486,3 | 110,8 | 103,3 | 1,7 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 974 365,3 | 100,8 | 137,2 | 4,1 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 1 915 836,8 | 101,1 | 129,3 | 8,1 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 1 168 459,6 | 102,1 | 126,6 | 5,0 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 506 732,9 | 98,5 | 126,1 | 2,2 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 502 422,2 | 102,9 | 118,4 | 2,1 |
Білім беру | 927 409,1 | 101,7 | 116,4 | 3,9 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 608 985,6 | 101,3 | 125,3 | 2,6 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 208 557,7 | 101,9 | 121,8 | 0,9 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 554 535,3 | 100,8 | 128,0 | 2,4 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 18 395,6 | 99,9 | 120,0 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 21 391 243,8 | 104,8 | 114,0 | 91,0 |
Өнімдерге салынатын салықтар | 2 103 666,5 | 107,0 | 117,9 | 9,0 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,1% және 55,9% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 29,0% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,9%-ға өсті. Құрылыс (15,7%), Көтерме және бөлшек саудада сату (11,5%), Ақпарат және байланыс (10,8%), Көлік және жинақтау (7,6%), Өңдеу өнеркәсібі (5,4%) Ауыл, орман және балық шаруашылығы (3,5%), салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).
2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
2022 жылы (алдын ала деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 380,5 АҚШ долларын құрады.
2021 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,48%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 19,75% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,35%.
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көлік және жинақтау (2,92%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (2,77%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,54%), ең аз үлесін Қаржы және сақтандыру қызметі (0,08%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,08%) және Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,08%) салалары алады.
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
---|---|---|---|---|---|
Тауарлар өндіру | 7,64 | 6,90 | 5,65 | 5,19 | 6,26 |
Қызметтер өндіру | 21,11 | 20,12 | 18,04 | 15,04 | 13,49 |
Барлығы | 28,75 | 27,02 | 23,69 | 20,23 | 19,75 |
2021 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 8 423,4 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,7% өсуін көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.