Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 86 206 592,6 | 105,7 | 108,5 | 65,5 |
үй шаруашылықтарының | 70 979 758,5 | 106,7 | 108,5 | 53,9 |
мемлекеттік басқару органдарының | 14 749 597,0 | 101,0 | 108,7 | 11,2 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 7 887 979,5 | 101,6 | 111,1 | 6,0 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 6 861 617,5 | 100,3 | 106,1 | 5,2 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 477 237,1 | 112,8 | 113,6 | 0,4 |
Жалпы қорланым | 37 196 883,2 | 105,6 | 104,7 | 28,3 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 33 240 509,5 | 106,5 | 104,7 | 25,3 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 3 956 373,7 | - | 105,2 | 3,0 |
Таза экспорт | 8 219 347,6 | - | - | 6,2 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 43 177 542,2 | 100,3 | 104,0 | 32,8 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 34 958 194,6 | 102,1 | 103,5 | 26,6 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 131 622 823,4 | 104,8 | 107,3 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 134 251 904,8 | 104,8 | 107,3 | - |
Статистикалық алшақтық* | 2 629 081,4 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 65,5%, жалпы қорланым – 28,3%, таза экспорт – 6,2% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 6,7%-ға және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың шығыстарының 12,8%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 5,7%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 6,5%-ды құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.