2022 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2023 жылғы қаңтар-наурызда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (115,7%), сауда (111,5%) және байланыс (110,8%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (102,8%), ауыл шаруашылығы (103,5%) және көлік және жинақтау (107,6%) салалары болды.
2022 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2023 жылғы қаңтар-наурызда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың өң өсім қарқыны байқалады.
Теріс өсім Ақтөбе (96,4%) және Қарағанды (96,4% ) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқыны Алматы қаласында (123,9%) және Жетісу (118,5%), Абай (113,2%), Ақмола (112,5%), және Солтүстік Қазақстан (111,4%) облыстарында байқалды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.