Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    84 726 403,3 млн.
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 84726403,3 млн. теңгені құрады.
    4,1%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,1%-ға өсті.
    184 754,1 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 184754,1 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2024 жылы қаңтар-қыркүйекте өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5%, 4% және 0,7% құрады.

    2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн. теңге Алдыңғы жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 84 726 403,3 104,1 107,8 100,0
    Тауарлар өндіру 30 803 858,9 105,0 104,4 36,4
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 3 380 760,2 111,4 98,0 4,0
    Өнеркәсіп 22 844 083,9 103,0 105,6 27,0
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 11 190 776,1 101,2 108,2 13,2
    Өңдеу өнеркәсібі 10 100 032,8 104,8 102,0 11,9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 331 944,3 105,5 112,1 1,6
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 221 330,7 98,4 111,1 0,3
    Құрылыс 4 579 014,8 110,1 103,4 5,4
    Қызметтер өндіру 47 919 457,3 104,0 112,7 56,5
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 13 740 525,0 106,3 108,6 16,2
    Көлік және жинақтау 4 758 988,6 108,0 106,5 5,6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 669 986,3 98,9 117,3 0,8
    Ақпарат және байланыс 1 688 843,1 106,4 105,3 2,0
    Қаржы және сақтандыру қызметі 3 184 356,1 101,4 110,7 3,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 7 364 785,7 101,5 122,9 8,7
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 2 934 689,6 101,2 114,8 3,5
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 1 779 262,1 101,6 109,9 2,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 1 860 768,2 102,6 117,1 2,2
    Білім беру 4 302 586,7 102,6 116,8 5,1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 2 330 302,0 101,7 116,0 2,8
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 693 536,7 103,5 118,4 0,8
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 2 552 511,7 103,6 112,6 2,9
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 58 315,5 99,9 108,7 0,1
    Жалпы қосылған құн 78 723 316,2 104,4 109,3 92,9
    Өнімдерге салынатын салықтар 6 003 087,1 100,7 91,4 7,1

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,4% және 56,5% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 27% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,1%-ға өсті.

    «Жылжымайтын мүлікпен операциялар» (24,8%), «Өнер, ойын-сауық және демалыс» (22,6%), «Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру» (20,2%), «Білім беру» (19,8%), «Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау» (18,3%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы ІІ тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    И.Қ.Баймұратова,
    З.А. Жүнісова, Д.Қ. Ибраева
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    in.baimuratova@aspire.gov.kz
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші