2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2023 жылғы қаңтар- ақпанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,8%), байланыс (112,0%) және сауда (111,5%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен көлік және жинақтау (106,1%), ауыл шаруашылығы (103,9%) және өнеркәсіп (101,6%) салалары болды.
2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2023 жылғы қаңтар- ақпанда өңірлер бойынша ҚМЭИ әртүрлі өсім қарқыны байқалады.
Өңірлер бойынша ең үлкен өсім қарқыны Алматы қаласында (126,4%) және Абай (113,1%), Ұлытау (112,9%), Жетісу (110,5%) және Солтүстік Қазақстан(109,8%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.