Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    39 918,3 млрд.
    2025 жылғы IV тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 39918,3 млрд. теңгені құрады.
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2025 жылғы IV тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4138 бірлікті құрады және оның ішінде 2598 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 5673,4 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 17,9%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар–57,2%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 11,9% және 12,9% құрады.

    2025 жылғы IV тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 89769,2 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,4% деңгейінде қалыптасты.

    2025 жылғы IV тоқсанында дебиторлық берешек 22346,5 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,5%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 176060,9 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 63,1%.

    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    пайызбен
    2025 жылғы IV тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
      2023 жылғы IV тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан 2025 жылғы IV тоқсан
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік   4 002   4 049   4 138
    одан орта, бірлік 2 469 2 521 2 598
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 16 421,0 19 482,1 22 372,9
    одан орта 3 437, 6 4 159,4 4 854,1
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс* 22 992, 8 26 360,9 30 848,8
    одан орта 5 379, 4 6 882,4 7 903,2
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндікқұны 16 273,9 19 467,7 22 596,6
    одан орта 3 756,3 4 974,4 5 910,5
    Жалпы пайда 6 718, 9 6 893,2 8 252,2

    *Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.

    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2025 жылғы IV тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4796,6 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 16787,9 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 28,1%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 11,5% және 4,5 %.

    2025 жылғы IV тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1668,8 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 417906 теңгені құрады.

    2025 жылғы IV тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 32870,0 млрд. теңге.

    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
      2023 жылғы IV тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан 2025 жылғы IV тоқсан
    Шағын кәсіпорынның саны, бірлік 343 177 343 503 350 779
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 673 002 1 670 729 1 668 841
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 315 950 387 628 417 906
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 14 900,1 16 595,7 17 545,4
    Өнімдерд іөткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 25 327,9 27 942,9 32 870,0
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 16 831,1 18 014,4 21 781,8
    Жалпы пайда 8 496,8 9 928,6 11 088,2
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    Г.Омарова
    А.Смадъярова
    Тел. +7 7172 749521, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail: Smadyarova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс