Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    526 703
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 526703 бірлікті құрады, оның ішінде 413258 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 770 698
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1770698 құрады, оның ішінде 1672194 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 230 441
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2230441 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2027939 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 526 703 413 258 1 770 698 1 672 194 32 512 22 399 2 230 441 2 027 939
    Шағын 517 684 404 395 - - 31 374 21 275 2 227 551 2 025 140
    Орта 6 543 6 423 - -    632    623 2 890 2 799
    Ірі 2 476 2 440 - -    506    501 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2012-2022 жылдары) олардың саны 317926-дан 507238 дейін (189312 бірлікке немесе 59,5%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,9%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 317 926 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238
    шағын 309 499 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995
    орта 6 095 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685
    ірі 2 332 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2023 жылғы тамызды шілде айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,3 % көбейген, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,4%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі олардың үлесі 27,9%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,1%-ын құрады.

    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (148540 немесе 28,2%) және Астана (99564 немесе 18,9%), және Қарағанды облысына (29017 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (3015 және 0,6%), Абай (8261 және 1,6%) және Жетісу (8292 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
      Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 526 703 413 258 57 158 210 779 145 321 4 862
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 188 17 720 2 075 9 072 6 573    122
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 307 4 326    651 1 584 2 091    55
    Өндеу өнеркәсібі 26 507 20 584 1 952 10 880 7 752    285
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 921 1 586    177    818    591    11
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 810 2 202    171 1 182    849    43
    Құрылыс 70 130 52 314 6 132 18 126 28 056 1 228
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 854 106 746 16 456 50 651 39 639 1 663
    Көлік және жинақтау 21 491 16 995 2 499 8 704 5 792    219
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 233 8 218 1 322 4 268 2 628    47
    Ақпарат және байланыс 17 727 14 692 3 203 7 422 4 067    64
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 021 5 498    716 2 799 1 983    131
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 24 786 21 155 3 101 13 145 4 909    184
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 724 27 927 3 165 15 608 9 154    209
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 24 904 20 686 2 575 12 144 5 967    147
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 586 9 303    156 9 027    120    41
    Білім беру 29 485 27 060 1 931 20 634 4 495    133
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 718 9 575    997 6 361 2 217    58
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 932 6 499 988 3 523 1 988    40
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 378 40 171 8 891 14 830 16 450    182
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1    1 -    1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
      Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 526 703 25 616 452 143    328 11 283 48 944
    Шағын 517 684 20 873 448 366    262 11 005 48 445
    Орта 6 543 3 582 2 668    30    168    293
    Ірі 2 476 1 161 1 109    36    110    206
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2023 жылғы тамыз айын шілдемен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің біршама(0,4%-ға) кемігені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 18,7%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%-ға азайғаны байқалады және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны өткен жылмен салыстырғанда 21,2%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 қыркүйекте олардың үлесі 37,4%-ды құрайды. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (18%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 71,4%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
      Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған өзіндік кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 770 698 1 672 194 1 698 171 1 600 502 72 527 71 692
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 282 639 272 675 210 220 201 072 72 419 71 603
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    700    669    700    669 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 99 005 93 782 98 996 93 773    9    9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    594    553    594    553 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 994 1 855 1 993 1 854    1    1
    Құрылыс 51 103 47 561 51 101 47 559    2    2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 662 439 628 046 662 421 628 030    18    16
    Көлік және жинақтау 81 287 75 120 81 276 75 112    11    8
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 44 881 41 708 44 877 41 704    4    4
    Ақпарат және байланыс 18 081 16 853 18 081 16 853 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    559    494    559    494 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 86 651 82 180 86 629 82 162    22    18
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 142 28 604 31 141 28 603    1    1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 38 061 35 660 38 050 35 649    11    11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    144    141    144    141 - -
    Білім беру 27 489 25 677 27 488 25 676    1    1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 752 10 191 10 752 10 191 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 658 13 641 14 657 13 640    1    1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 318 519 296 784 318 492 296 767    27    17
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32512 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22399. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3919 немесе 12,1%) және Астана қаласына (3758 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2139 немесе 6,6%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (13087 немесе 40,2%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4656 немесе 14,3%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2286 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 28 414 2 495 24 594    211    729 1 325
    Шағын 27 320 2 259 23 784    195    686 1 277
    Орта    608    117    463    7    19    28
    Ірі    486    119    347    9    24    20
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
      Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 098 2 456    368 1 036 1 052    82
    Шағын 4 054 2 414    366    996 1 052    81
    Орта    24    22    2    20 -    1
    Ірі    20    20 -    20 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 19,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 2%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 37,2%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 11,8%, «Құрылыс» – 9,5% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 54 367 41 432 12 012 8 560
    Ресей 22 274 18 618 5 156 3 928
    Түркия 5 399 3 706 778 468
    Қытай 3 755 2 197 801 512
    Өзбекстан 3 467 2 676 681 464
    Қырғызстан 3 063 2 254 398 286
    Украина 1 400 1 051 381 274
    Әзірбайжан 1 299 995 216 144
    Германия 943 744 536 392
    Корея Республикасы 887 597 186 111
    Беларусь 810 690 180 134

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 19%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,7%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,5%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,2% салаларына тиесілі .

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    тіркелген жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 230 441 2 027 939
    Абай 59 588 54 231
    Ақмола 63 982 58703
    Ақтөбе 96 844 87 263
    Алматы 143 247 134 840
    Атырау 73 730 67 214
    Батыс Қазақстан 64 510 58 474
    Жамбыл 120 149 107 440
    Жетісу 65 361 59 716
    Қарағанды 112 596 99 795
    Қостанай 70 183 65 689
    Қызылорда 75 924 71 256
    Маңғыстау 88 440 82 271
    Павлодар 62 024 55 154
    Солтүстік Қазақстан 38 660 35 026
    Түркістан 217 041 212 516
    Ұлытау 20 462 19 073
    Шығыс Қазақстан 72 446 64 657
    Астана қаласы 255 913 226 379
    Алматы қаласы 387 580 338 138
    Шымкент қаласы 141 761 130 104
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749058
    Орындаушы:
    А.Умирбаева
    Тел. +7 7172 74-92-89
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші