Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жетісу (54%-ға), Шымкент қаласы (50,8%-ға), Түркістан (45,5%-ға), Жамбыл (37,1%-ға), Астана қаласы (36,6%-ға), Алматы қаласы (20,4%-ға), Ақтөбе және Шығыс Қазақстан (17,9%-ға) және Абай (16,4%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (42,6%-ға), Ұлытау (24,2%-ға), Солтүстік Қазақстан (21,8%-ға), Ақмола (8,1%-ға), Қарағанды (3,9%-ға) және Батыс Қазақстан (2,6%-ға) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесін Алматы қаласы (11,3%) және Астана қаласы (12,5%) алады.
2025 жылғы наурыз | 2025 жылғы қаңтар-наурыз 2024 жылғы қаңтар-наурызға | ||
2025 жылғы ақпанға | 2024 жылғы наурызға | ||
Қазақстан Республикасы | 114,6 | 116,5 | 106,3 |
Абай | 169,3 | 141,1 | 116,4 |
Ақмола | 118,6 | 127,2 | 91,9 |
Ақтөбе | 148,0 | 134,3 | 117,9 |
Алматы | 100,4 | 107,7 | 113,0 |
Атырау | 107,2 | 68,4 | 57,4 |
Батыс-Казақстан | 99,1 | 128,7 | 97,4 |
Жамбыл | 230,1 | 122,2 | 137,1 |
Жетісу | 181,2 | 183,1 | 154,0 |
Қарағанды | 228,0 | 112,1 | 96,1 |
Қостанай | 37,5 | 99,7 | 113,2 |
Қызылорда | 104,7 | 119,2 | 108,5 |
Манғыстау | 79,2 | 92,8 | 110,3 |
Павлодар | 154,3 | 110,7 | 100,0 |
Солтүстік Қазақстан | 210,4 | 71,1 | 78,2 |
Түркістан | 96,4 | 130,0 | 145,5 |
Ұлытау | 373,7 | 134,7 | 75,8 |
Шығыс Қазақстан | 90,6 | 114,0 | 117,9 |
Астана қаласы | 111,7 | 194,3 | 136,6 |
Алматы қаласы | 113,6 | 130,0 | 120,4 |
Шымкент қаласы | 78,7 | 125,7 | 150,8 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Негізгі капиталға инвестицияларды игерді | Соның ішінде | |||
шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
2024 жылғы қаңтар-наурыз | 2 816 346 964 | 1 529 809 866 | 246 053 034 | 1 040 484 064 |
2025 жылғы қаңтар-наурыз | 3 067 904 987 | 1 620 270 143 | 465 412 511 | 982 222 333 |
Жалпы шығындардың 67,5% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 28% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-наурызда 2071,9 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 67,5%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,6% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,3% алады.
2025 жылғы қаңтар-наурыз | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
мың теңге | қорытындыға пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-наурыз | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 3 067 904 987 | 100,0 | 100,0 |
қаражаттарды қоса алғанда: | |||
мемлекеттік бюджеттен | 661 988 206 | 21,6 | 9,1 |
меншікті қаражат | 2 071 901 047 | 67,5 | 77,1 |
банктердің кредиттері | 100 115 833 | 3,3 | 3,5 |
одан: | |||
шетелдік банкттердің кредиттері | 6 561 034 | 0,2 | 0,5 |
басқада қарыз қаражаты | 233 899 901 | 7,6 | 10,3 |
одан: | |||
резидент емес қарыз қаражаты | 66 642 704 | 2,2 | 2,4 |
2025 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (39,2%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–19,2%, өңдеу өнеркәсібіне–12,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,6%), көлік және жинақтауға (13,4%), білім беру (10,1%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (3,7%) тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024 жылғы қаңтар-наурызға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
Барлығы | 3 067 904 987 | 106,3 | 100,0 | |
оның ішінде: | ||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 113 865 085 | 90,8 | 3,7 | |
өнеркәсіп | 1 201 732 601 | 88,6 | 39,2 | |
оның ішінде: | ||||
кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 590 245 614 | 72,0 | 19,2 | |
өңдеу өнеркәсібі | 389 579 859 | 120,2 | 12,7 | |
электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 136 608 343 | 88,9 | 4,5 | |
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 85 298 784 | 145,7 | 2,8 | |
құрылыс | 31 587 234 | 83,6 | 1,0 | |
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 64 600 513 | 94,0 | 2,1 | |
көлік және қоймалау | 411 909 622 | 106,4 | 13,4 | |
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 32 406 429 | 103,9 | 1,1 | |
ақпарат және байланыс | 45 022 218 | 100,7 | 1,5 | |
қаржы және сақтандыру қызметі | 47 008 752 | 145,5 | 1,5 | |
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 633 187 515 | 102,9 | 20,6 | |
кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 10 603 837 | 58,2 | 0,3 | |
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 25 457 726 | 163,7 | 0,8 | |
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 18 762 691 | 165,2 | 0,6 | |
білім беру | 308 363 891 | 613,3 | 10,1 | |
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 63 328 281 | 121,3 | 2,1 | |
өнер, ойын-сауық және демалыс | 45 834 969 | 160,7 | 1,5 | |
өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 14 233 626 | 471,2 | 0,5 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі