Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    12,5%
    2023 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5% өсіп, 101,6 млрд. теңгені құрады.
    60,7%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен - 60,7%, шетелдік - 39,1%, мемлекеттік - 0,2% орындалды.

    Құрылыс саласы тез өсетін экономикалық салалардың бірі болып табылады және соңғы екі жылда тұрақты оң өсімі бар.

    Құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар
    Динамикалық кестелер

    2023 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстары көлемінің 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын емес ғимараттарды ( 39,1%) және имараттарды (14,4%) салумен және жөндеумен байланысты.

    2023 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттардың (27,6%) және тұрғын үйлердің (13,1%) құрылысы алады.

    Аумақтық бөлінісінде республиканың 15 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Ең жоғары өсу Солтүстік Қазақстан (1,2 есе), Ақмола (1,1 есе), Алматы (57,4%), Ұлытау (40,7%), Ақтөбе (38,4%), Қызылорда (35,9%), Жамбыл (35,5%), Атырау (29,6%), Манғыстау (28,8%) өңірлерінде байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2023 жылғы қаңтар, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2022 жылғы желтоқсан 2021жылғы қаңтар
    Қазақстан Республикасы 101 609 411 8,0 112,5 100,0
    Абай    310 163 0,5 108,4 0,3
    Ақмола 1 875 621 3,1 214,6 1,8
    Ақтөбе 3 981 730 8,7 138,4 3,9
    Алматы 1 613 529 2,4 157,4 1,6
    Атырау 40 232 469 21,3 129,6 39,6
    Батыс Қазақстан 2 610 237 5,4 66,5 2,6
    Жамбыл 2 285 632 4,3 135,5 2,2
    Жетісу    519 863 2,5 74,8 0,5
    Қарағанды 3 611 366 4,8 68,1 3,6
    Қостанай 2 943 541 11,6 105,3 2,9
    Қызылорда 1 371 225 7,5 135,9 1,3
    Манғыстау 3 554 134 7,2 128,8 3,5
    Павлодар 2 326 975 3,4 93,0 2,3
    Солтүстік Қазақстан 1 334 296 4,3 223,4 1,3
    Туркістан 2 909 181 3,6 84,2 2,9
    Ұлытау 2 193 013 10,6 140,7 2,2
    Шығыс Қазақстан 3 984 304 8,6 100,4 3,9
    Астана қаласы 15 312 143 10,3 100,2 15,1
    Алматы қаласы 6 933 497 6,7 100,5 6,8
    Шымкент қаласы 1 706 492 3,4 100,3 1,7
    Электрондық кестелер
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2023 жылғы қаңтарда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 1121,6 мың шаршы метр құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар
    Динамикалық кестелер

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2022 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 39,6% ұлғайып, 1 017 мың шаршы метрді құрады, олардан 626 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 390 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін - 955,8 мың шаршы метрді немесе 94%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде жалпы көлемінде 38,7% құрайтын, 393,5 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

    2023 жылғы қаңтарда білім беру және денсаулық сақтау саласында 484 оқушылар орынына арналған 1 жалпы білім беру мектепі, 30 орынға арналған 1 мектепке дейінгі мекемелер пайдалануға берілді.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2023ж. қаңтар
    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    О. Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: О.Edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші