Құрылыс саласы тез өсетін экономикалық салалардың бірі болып табылады және соңғы екі жылда тұрақты оң өсімі бар.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстар көлемінің өсуі құрылыс жұмыстарына және тұрғын емес ғимараттарды жөндеуге ( 21,7%), тұрғын үй құрылысында (13,7%) және имараттарға (9,7%), байланысты.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең үлкен үлес салмағын тұрғын емес ғимараттар (23,6%), тұрғын ғимараттар құрылысы(15,4%) және жолдар құрылысы (13,9%) алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Ақмола (36,8%), Алматы (28,4%), Атырау (18,4%), Қызылорда (16,6%), Шығыс Қазақстан (11,3%) облыстарында және Шымкент (35,5%) қаласында елеулі өсуі байқалады.
Барлығы, мың теңге | 2022 жылғы желтоқсан, % | 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан 2021 жылға | Республикалық көлемге пайызбен | ||
---|---|---|---|---|---|
2022 жылғы қарашаға | 2021жылғы желтоқсанға | ||||
Қазақстан Республикасы | 6 255 905 893 | 241,7 | 137,4 | 109,4 | 100,0 |
Абай | 186 907 676 | 280,6 | 224,3 | 108,8 | 3,0 |
Ақмола | 270 513 363 | 237,6 | 160,0 | 136,8 | 4,3 |
Ақтөбе | 245 757 026 | 258,2 | 127,5 | 107,7 | 3,9 |
Алматы | 306 502 578 | 248,4 | 201,3 | 128,4 | 4,9 |
Атырау | 1 164 480 900 | 220,4 | 227,5 | 118,4 | 18,6 |
Батыс Қазақстан | 218 850 082 | 245,1 | 121,7 | 105,7 | 3,5 |
Жамбыл | 227 655 678 | 268,6 | 98,0 | 101,0 | 3,6 |
Жетісу | 136 422 224 | 215,4 | 77,7 | 104,3 | 2,2 |
Қарағанды | 350 554 907 | 506,8 | 117,8 | 94,4 | 5,6 |
Қостанай | 185 067 628 | 148,4 | 95,1 | 103,4 | 3,0 |
Қызылорда | 124 802 896 | 235,8 | 97,2 | 116,6 | 2,0 |
Манғыстау | 205 519 160 | 220,5 | 109,8 | 78,7 | 3,3 |
Павлодар | 287 622 750 | 243,6 | 129,3 | 107,6 | 4,6 |
Солтүстік Қазақстан | 122 545 584 | 770,4 | 143,7 | 110,8 | 2,0 |
Туркістан | 350 884 527 | 207,5 | 115,9 | 104,6 | 5,6 |
Ұлытау | 106 201 864 | 216,5 | 88,8 | 109,5 | 1,7 |
Шығыс Қазақстан | 271 763 961 | 204,9 | 117,1 | 111,3 | 4,4 |
Астана қаласы | 709 376 746 | 210,8 | 146,6 | 107,4 | 11,3 |
Алматы қаласы | 565 615 578 | 248,4 | 127,7 | 106,3 | 9,0 |
Шымкент қаласы | 218 860 765 | 271,7 | 131,6 | 135,5 | 3,5 |
Қазақстан Республикасында 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 18597,3 мың шаршы метр құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға азайып, 15422,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 8843,9 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6499,8 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін - 13930,8 мың шаршы метрді немесе 90,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде жалпы көлемінде 44,1%-ды құрайтын, 6799,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Оның ішінде салушылармен | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
жалпы алаңы шаршы метрмен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
халықпен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | ||||||
Қазақстан Республикасы | 15 422 054 | 91,2 | 1 251 032 | 13 930 845 | 6 799 322 | 96,2 | 240 177 |
Абай | 340 518 | 104,1 | 48 419 | 292 099 | 105 320 | 79,6 | - |
Ақмола | 631 186 | 105,8 | 17 665 | 613 521 | 323 134 | 78,7 | - |
Ақтөбе | 1 252 272 | 106,0 | 41 875 | х | 744 601 | 105,9 | x |
Алматы | 790 024 | 105,7 | 23 060 | 766 964 | 647 921 | 101,8 | - |
Атырау | 830 759 | 92,2 | - | 830 759 | 551 744 | 85,0 | - |
Батыс Қазақстан | 621 487 | 105,2 | 61 218 | 549 843 | 266 240 | 96,5 | 10 426 |
Жамбыл | 693 545 | 101,5 | 146 618 | 546 927 | 516 592 | 104,9 | - |
Жетісу | 295 316 | 108,8 | 19 277 | 276 039 | 240 646 | 164,0 | - |
Қарағанды | 597 232 | 102,6 | 43 882 | 553 350 | 159 125 | 120,4 | - |
Қостанай | 448 972 | 100,3 | 47 597 | 395 659 | 177 189 | 97,6 | 5 716 |
Қызылорда | 683 214 | 103,3 | 36 033 | 647 181 | 626 698 | 116,0 | - |
Манғыстау | 1 046 920 | 84,9 | 5 638 | 1 041 282 | 583 202 | 96,5 | - |
Павлодар | 488 079 | 132,1 | 139 388 | х | 182 690 | 105,7 | x |
Солтүстік Қазақстан | 299 862 | 86,9 | 61 535 | 224 773 | 136 255 | 66,6 | 13 554 |
Туркістан | 864 127 | 104,6 | 311 983 | 552 144 | 498 615 | 92,0 | - |
Ұлытау | 57 062 | 70,4 | 17 870 | 39 192 | 30 273 | 81,4 | - |
Шығыс Қазақстан | 318 050 | 115,4 | 34 887 | 283 163 | 99 361 | 82,8 | - |
Астана қаласы | 2 369 278 | 75,3 | 18 262 | 2 246 303 | 74 650 | 82,0 | 104 713 |
Алматы қаласы | 1 720 505 | 65,4 | 13 294 | 1 661 864 | 448 266 | 81,1 | 45 347 |
Шымкент қаласы | 1 073 646 | 106,1 | 162 531 | 876 075 | 386 800 | 87,8 | 35 040 |
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 50475 оқушылар орынына арналған 85 жалпы білім беру мектептері, 5724 орынға арналған 46 мектепке дейінгі мекемелер және 430 төсек-орынға арналған 3 аурухана, сонымен қатар ауысымына 1385 келушіге арналған 30 амбулаториялық емхана пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.