Өткен жылмен өсуі көлемі резеңке және пластмасс өнімдерін, фармацевтикалық өнімдер және препараттар, машина жасау, сусындар, дайын металл өнімдер өндірісінде байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы және Астана қалаларында белгіленді.
2021 жылы өнеркәсіп өнімдері 37606 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 17977 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 47,8%), өңдеуде 17121 млрд. теңгеге (45,5%).
2021 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда ӨӨИ 101,9%-ды құрады, бұл темір өндіру (102,6%), металл кендері (105,1%) және кен өндіру өнеркәсібі саласындағы кызметтер көрсету көлемінің (102,1%) жоғарлауы есебінен.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,7%-ға өсті. Сусындар (118,3%), фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар (126,3%), машина жасау (122,2%) өнімдерінің өндірісі өсті.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату өндірісі көлемінің 6,5%-ға жоғарлауы есебінен ӨӨИ 105,9%-ды құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2021 жылы ӨӨИ 110,8%-ды құрады.
Өнiм көлемi, млн. теңге | Өнеркәсіптік өндірістің индексі, 2021 жыл 2020 жылға %-бен | |
---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 37 606 243 | 103,6 |
Ақмола | 1 138 936 | 108,1 |
Ақтөбе | 2 247 442 | 102,4 |
Алматы | 1 500 790 | 111,9 |
Атырау | 8 557 592 | 102,8 |
Батыс Қазақстан | 2 843 130 | 92,6 |
Жамбыл | 639 111 | 106,0 |
Қарағанды | 4 353 606 | 100,9 |
Қостанай | 2 333 110 | 110,6 |
Қызылорда | 808 580 | 101,8 |
Маңғыстау | 2 726 724 | 98,3 |
Павлодар | 2 783 336 | 102,5 |
Солтүстік Қазақстан | 394 666 | 107,2 |
Түркістан | 738 265 | 105,6 |
Шығыс Қазақстан | 2 763 416 | 100,1 |
Нұр-Сұлтан қаласы | 1 543 914 | 115,6 |
Алматы қаласы | 1 420 751 | 125,3 |
Шымкент қаласы | 812 874 | 105,2 |
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: