2022 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өнімдері 43850 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 22690 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 51,7%), өңдеуде 18783 млрд. теңгеге (42,8%).
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда шикі мұнайды өндіру (97,8%), табиғи газды өндіру (98,6%), темір кендерін өндіру (79,8%) салаларының азаюына байланысты 2022 жылғы қаңтар-қарашада ӨӨИ 99,1%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,2%-ға ұлғайды. Сусындар (110,1%), темекі өнімдері (109,8%), мұнай өңдеу өнімдері (102,2%), химия өнеркәсібінің өнімдері (109,4%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,9%), негізгі асыл және түсті металдар (107,9%), автокөлік құралдары (119,6%) өндірісі өсті.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату 0,5%-ға азаюы есебінен ӨӨИ 98,7%-ды құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2022 жылғы қаңтар-қарашада ӨӨИ 99,5%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеуі Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалды.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: