Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,2%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,1% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
2023 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімдері 18789,9 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 8791,9 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 8673 млрд. теңгеге (46,2%).
2023 жылғы қаңтар-сәуір 2022 жылғы қаңтар-сәуірге | 2023 жылғы мамыр | 2023 жылғы қаңтар-мамыр 2022 жылғы қаңтар-мамырға | ||
---|---|---|---|---|
2023 жылғы сәуірге | 2022 жылғы мамырға | |||
Өнеркәсіп | 103,5 | 96,2 | 98,1 | 102,4 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 102,0 | 99,6 | 98,5 | 101,3 |
Өңдеу өнеркәсібі | 105,1 | 92,7 | 96,3 | 103,3 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 105,9 | 89,5 | 107,4 | 106,2 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 107,4 | 89,3 | 105,8 | 107,1 |
Шикі мұнайды (102,4%), табиғи газды (101,3%), темірді қоспағанда, кендерді (103,1%), өзге де пайдалы қазбаларды (120%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 101,3% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 103,3%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдерінде – 6,5%, сусындар – 5,8%, мұнайдың өңделген өнімдері – 4,2%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,7%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер – 4,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 11,1%, машина жасауда 31,9% белгіленді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату көлемдерінің 26%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 8,3% артуы есебінен ӨӨИ 106,2% құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтар-мамырда ӨӨИ 107,1% құрады. Ақаба суларды жинау және өңдеу көлемдері – 8,7%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 7,3% артты.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: