Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    107,7%
    Қазақстанда 2025 жылы өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 107,7% құрады.

    Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 9,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 2,6% байқалады, сонымен бірге төмендеу сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 6,4% белгіленді.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында белгіленді.

    Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    22025 жылы өнеркәсіп өнімдері 62628,7 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 27763,4 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 44,3%), өңдеуде 30728,2 млрд. теңгеге (49,1%).

    Серпінді кестелер:
    Өнеркәсіптік өндірістің көлемі және индекстері
      Өнiм көлемi, млн. теңге Өнеркәсіптік өндірістің индексі, 2025 жыл 2024 жылға, %-бен
    Қазақстан Республикасы 62 628 692 107,7
    Абай 2 710 514 100,7
    Ақмола 2 481 787 96,0
    Ақтөбе 2 937 980 104,2
    Алматы 2 565 833 114,8
    Атырау 13 668 182 119,2
    Батыс Қазақстан 3 541 068 101,2
    Жамбыл 1 394 693 119,2
    Жетісу 436 281 104,7
    Қарағанды 5 266 672 105,5
    Қостанай 3 490 931 105,2
    Қызылорда 1 029 769 97,0
    Маңғыстау 3 371 980 102,0
    Павлодар 3 903 376 99,7
    Солтүстік Қазақстан 982 819 121,5
    Түркістан 1 624 433 114,1
    Ұлытау 2 143 985 101,6
    Шығыс Қазақстан 3 369 741 96,9
    Астана қаласы 3 534 518 106,7
    Алматы қаласы 2 644 019 114,3
    Шымкент қаласы 1 530 109 118,8

    2025 жылы көмір (109,8%), шикі мұнай (113,5%), табиғи газ (115,1%) шығарудың артуына байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 109,5% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылы ӨӨИ 107,1% құрады. Тамақ өнімдері (108,4%), сусындар (109,7%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (106,5%), химия өнеркәсібі (110,5%), резеңке және пластмасса бұйымдар (113,2%), өзге де бейметалл минералдық өнімдер (113,9%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде (127,5%), машина жасау (112,6%) өнімдерінің өндірісі өсті.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату – 2,2%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату - 2,3%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде 4,3% артуы есебінен ӨӨИ 102,6%-ды құрады.

    Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2025 жылы ӨӨИ 93,6%-ды құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату – 7,5%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) – 8,2%, ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер 28,1% төмендеді.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақмола, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.

    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген
    Тел. +7 7172 749309
    E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс