Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    99,3%
    2026 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 99,3% құрады.

    Өндірістің өсуі өңдеу өнеркәсібінде өсу – 8,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,9%, сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 16,2% белгіленді. Өндірістің төмендеуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 11,4% байқалады.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарында және Астана, Алматы қалаларында белгіленді.

    Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    2026 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімдері 15177,2 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында – 6245,6 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 41,2%), өңдеуде – 7563,7 млрд. теңгеге (49,8%).

    Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
    пайызбен
      2026 жылғы қаңтар-ақпан 2025 жылғы қаңтар-ақпанға 2026 жылғы наурыз 2026 жылғы қаңтар-наурыз 2025 жылғы қаңтар-наурызға
    2026 жылғы ақпанға 2025 жылғы наурызға
    Өнеркәсіп 96,9 116,2 104,3 99,3
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 85,8 110,5 94,4 88,6
    Өңдеу өнеркәсібі 105,9 124,0 113,6 108,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 107,5 98,6 105,7 106,9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 120,5 102,8 107,7 116,2

    Шикі мұнай (80,2%), табиғи газ (84,9%) шығарудың төмендеуіне байланысты 2026 жылғы қаңтар-наурызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 88,6% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде 2026 жылғы қаңтар-наурызда 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда ӨӨИ 108,5%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері өндірісінде – 12,6%, сусындар – 10%, темекі өнімдері – 37,6%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар –1,5 есе, резеңке және пластмасс бұйымдары – 26,9%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 37,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 39,3%, машина жасауда 21,9% белгіленді.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің 2,2%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың – 12,3%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету көлемдерінің – 22,5% артуы есебінен ӨӨИ 106,9% құрады.

    Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2026 жылғы қаңтар-наурызда ӨӨИ 116,2% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері –12,3%, ағынды суларды жинау және тазартуда – 13,9%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 19,9% артты.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.

    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:


    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген
    Тел. +7 7172 749309
    E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс