Өндірістің өсуі өңдеу өнеркәсібінде өсу – 4,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 8,2%, сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,9% белгіленді. Өндірістің төмендеуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 19,9% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
2026 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімдері 4226,7 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында – 1563,5 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 40%), өңдеуде – 2186,6 млрд. теңгеге (51,7%).
|
|
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан 2024 жылға |
2026 жылғы қаңтар |
|
|
2025 жылғы желтоқсанға |
2025 жылғы қаңтарға |
||
|
Өнеркәсіп |
107,5 |
78,5 |
93,4 |
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
109,4 |
73,5 |
80,1 |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
106,4 |
79,3 |
104,4 |
|
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау |
102,1 |
107,3 |
108,2 |
|
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет |
93,5 |
101,7 |
105,9 |
Шикі мұнай (68,1%), табиғи газ (71,3%) өзге де пайдалы қазбаларды (88,8%) шығарудың төмендеуіне байланысты 2026 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 80,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2026 жылғы қаңтарда 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда ӨӨИ 104,4%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері өндірісінде – 11,3%, сусындар – 14,9%, темекі өнімдері – 1,7 есе, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар –41,7%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 3,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 12,2%, машина жасауда 4,4% белгіленді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің 4,6%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың – 4,6%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету көлемдерінің – 23,3% артуы есебінен ӨӨИ 108,2% құрады.
Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2026 жылғы қаңтарда ӨӨИ 105,9% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері –5,8%, ағынды суларды жинау және тазартуда – 6,1%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 6% артты.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: