Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 6,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 1,5%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,6% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан облыстарында және Астана қаласында белгіленді.
2024 жылы өнеркәсіп өнімдері 51469,1 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 22902,6 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 44,5%), өңдеуде 25051 млрд. теңгеге (48,7%).
| Өнiм көлемi, млн. теңге | Өнеркәсіптік өндірістің индексі, 2024 жыл 2023 жылға, %-бен | |
| Қазақстан Республикасы | 51 469 084 | 103,2 |
| Абай | 2 017 224 | 100,4 |
| Ақмола | 1 977 241 | 100,1 |
| Ақтөбе | 2 833 893 | 104,8 |
| Алматы | 1 930 457 | 106,3 |
| Атырау | 11 104 714 | 97,0 |
| Батыс Қазақстан | 3 731 562 | 102,4 |
| Жамбыл | 939 525 | 103,3 |
| Жетісу | 358 892 | 106,0 |
| Қарағанды | 4 113 712 | 113,3 |
| Қостанай | 2 913 344 | 102,7 |
| Қызылорда | 1 100 285 | 101,7 |
| Маңғыстау | 3 095 386 | 102,7 |
| Павлодар | 3 513 708 | 105,1 |
| Солтүстік Қазақстан | 714 237 | 104,6 |
| Түркістан | 1 278 284 | 112,0 |
| Ұлытау | 1 267 163 | 107,9 |
| Шығыс Қазақстан | 2 657 832 | 102,7 |
| Астана қаласы | 2 569 686 | 110,1 |
| Алматы қаласы | 2 153 410 | 98,6 |
| Шымкент қаласы | 1 198 530 | 104,6 |
2024 жылы көмір (103,4%), металл кендерін (107,8%) шығарудың артуына байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 100,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылы ӨӨИ 106,9% құрады. Тамақ өнімдері (103,8%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (105%), химия өнеркәсібі (107,5%), негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар (114,1%), резеңке және пластмасса бұйымдар (102,6%), өзге де бейметалл минералдық өнімдер (106,4%), металлургия (106,9%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде (128,4%), машина жасау (109,8%), өзге де дайын бұйымдар (116,5%) өнімдерінің өндірісі өсті.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда негізінен құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату - 7,3%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде 6,8% артуы есебінен ӨӨИ 101,5%-ды құрады.
Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2024 жылы ӨӨИ 105,6%-ды құрады. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) - 11,7%, ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер 1,5 есе артты.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 18 өңірінде тіркелді, төмендеу Атырау облысында және Алматы қаласында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: