Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    2 271,4 мың
    2024 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары 2 271,4 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,6%-ға өсті.
    80,4%
    Атмосфералық ауаға шығарылған ластаушы заттардың жалпы көлемінің 80,4%-ын газ тәрізді және сұйық заттар, ал 19,6%-ын қатты заттар құрады.
    93,4%
    2024 жылы республика кәсіпорындары барлық стационарлық ластау көздерінен шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемінің 93,4%-ын ұстап, залалсыздандырды.
    Ластаушы заттар шығарындылардың динамикасы

    Ең көп ластаушы заттардың көлемі Павлодар (694,2 мың тонна) және Қарағанды (455 мың тонна) облыстарының аумағында тіркеледі, бұл аймақтарда атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуы жыл сайын азайып келеді.

    Өңірлер бойынша ластаушы заттардың шығындылары
    мың тонна
      2020 2021 2022 2023 2024
    Қазақстан Республикасы 2441,0 2407,5 2314,7 2257,5 2271,4
    Абай 40,7 40,9 39,0 38,5 36,8
    Ақмола 77,2 77,3 69,5 69,8 68,4
    Ақтөбе 135,1 137,4 136,5 112,1 126
    Алматы 26,3 30,3 28,8 28,4 29,6
    Атырау 153,9 160,3 132,1 140,1 152,8
    Батыс Қазақстан 30,8 26,0 25,8 34,4 31,2
    Жамбыл 55,0 55,8 52,9 51,2 50,9
    Жетісу 19,9 17,7 13,1 14,8 15,4
    Қарағанды 519,0 488,0 469,0 455,0 445,3
    Қостанай 123,4 137,9 121,4 118,3 111,6
    Қызылорда 28,3 29,2 23,4 25,3 24,9
    Маңғыстау 72,5 75,2 78,7 86,2 105,5
    Павлодар 723,0 736,1 724,2 694,2 687,8
    Солтүстік Қазақстан 76,0 61,2 52,7 58,9 59,5
    Түркістан 28,1 29,0 25,2 26,7 26,3
    Ұлытау 108,7 81,7 105,1 103,1 97,7
    Шығыс Қазақстан 86,5 87,2 83,3 80,9 80,9
    Астана қаласы 62,4 62,2 57,7 46,4 49,1
    Алматы қаласы 44,5 40,8 41,4 44,0 43,3
    Шымкент қаласы 29,6 33,2 34,9 29,3 28,3
    Негізгі ерекше ластаушы заттар шығындыларының динамикасы

    2024 жылы республиканың ауа бассейніне қорғасын және оның қосындылары – 221,4 тонна, марганец және оның қосындылары – 86,0 тонна, мыс оксиді – 110,0 тонна, күкірт қышқылы – 400,0 тонна, хлор 42,0 тонна, сынап – 725 килограмм сияқты ерекше ластағыш заттар түсті. Осы заттардың нақты шығарындылары белгіленген шекті жол берілген шығарындылардың көлемінен (ЖШШ) асқан жоқ.

    Глоссарий

    Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары – шығарындылардың тұрақты (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) көздерінен (халықтың денсаулығы немесе қызметіне, қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер ететін) ластайтын заттардың атмосфераға түсуі.

    Ұйымдастырылған тұрақты көздерге зиянды заттар газ қалдықтары және ауа айдаушы жүйелер арқылы шығарылатын жылжымайтын көздер (мұржалар, аэрациялық фонарлар, вентиляциялық шахталар және т.б.) жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Стационарлық көздерден атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының көрсеткішін қалыптастыру үшін атмосфералық ауаны қорғау бойынша жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

    Өнім өндірудің технологиялық процестерінде шикізат немесе жартылай фабрикат ретінде пайдаланылатын газдармен бөлінетін заттардың саны туралы деректер атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының жалпы көлеміне кірмейді. Атап айтқанда, техникалық көміртегі зауыттарында күйені өндіруде реакторлардан бөлінетін газдарды тазарту, фосфор зауыттарында сары фосфор өндіру кезінде кен-термиялық пештерден бөлінетін газдарды тазарту, химия зауыттарда күкірт қышқылын өндіру кезінде «қайнайтын қабат» пештерінен бөлінетін газдарды тазарту барысында пайда болатын және кәдеге жаратылатын заттар есепке алынбайды. Қара металлургия кәсіпорындарында технологиялық отын ретінде пайдаланылатын домналық газдың құрамында болатын көміртегі тотығы есепке алынбайды. «Қос адсорбция» және қос байланысу қондырғыларымен және жүйелерімен тұтылған, түсті және қара металлургия, химия, мұнай-химия және басқа салалар зауыттарынан бөлінетін газдардан өнім алу үшін пайдаланылатын заттар есепке алынбайды. Толық тұтылмаған және технологиялық жабдықтың герметикалық болмауынан газдың жайылып кетуі нәтижесінде атмосфераға түсетін ластағыш заттар ғана есепке алуға жатады.

    Қосымша, әдістемелік түсініктеме келесі сілтеме бойынша қол жетімді:


    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Д. Әділбек
    Тел. +7 7172 749307
    E-mail: d.adilbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс