Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 0,1% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Атырау, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында белгіленді.
2025 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімдері 23806 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 10839 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 45,5%), өңдеуде – 11191 млрд. теңгеге (47%).
| 2025 жылғы қаңтар-сәуір 2024 жылғы қаңтар-сәуірге | 2025 жылғы мамыр | 2025 жылғы қаңтар-мамыр 2024 жылғы қаңтар-мамырға | ||
| 2025 жылғы сәуірге | 2024 жылғы мамырға | |||
| Өнеркәсіп | 106,6 | 98,9 | 105,8 | 106,4 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 107,1 | 101,4 | 110,4 | 107,8 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 107,2 | 97,1 | 101,2 | 106,0 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 98,5 | 91,4 | 106,3 | 100,1 |
| Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 93,8 | 100,2 | 93,9 | 93,8 |
Көмір (111,3%), шикі мұнай (110,2%), металл кендерін (100,8%), өзге де пайдалы қазбаларды (115,1%) шығарудың артуына байланысты 2025 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 107,8% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы есепті кезеңде 2024 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 106%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері өндірісінде – 10,5%, сусындар – 5,3%, темекі өнімдері – 24,6%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 11,3%, химия өнеркәсібі– 9,9%, резеңке және пластмасса бұйымдар – 4,8%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 10,3%, металл құюдан басқа қара металлургия – 3,4%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 17,5%, машина жасауда – 10,5% белгіленді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету көлемдерінің – 4,3% артуы есебінен ӨӨИ 100,1% құрады.
Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2025 жылғы қаңтар-мамырда ӨӨИ 93,8% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері – 11,4%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 2,4% төмендеді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 17 өңірінде тіркелді, төмендеу Ұлытау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: