Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    102,6%
    2024 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 102,6% құрады.

    Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 4,8%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 4,9% байқалады.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Ұлытау, Қарағанды, Түркістан облыстарында белгіленді.

    Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    2024 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімдері 40391,6 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 18448,2 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 45,7%), өңдеуде – 19192,6 млрд. теңгеге (47,5%).

    Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
    пайызбен
      2024 жылғы қаңтар-қыркүйек 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке 2024 жылғы қазан 2024 жылғы қаңтар-қазан 2023 жылғы қаңтар-қазанға
    2024 жылғы қыркүйекке 2023 жылғы қазанға
    Өнеркәсіп 103,1 97,5 98,0 102,6
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 101,2 92,8 91,6 100,3
    Өңдеу өнеркәсібі 104,8 99,8 104,8 104,8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 105,5 126,2 99,6 104,9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 98,4 92,1 101,7 98,8

    Көмір шығару (100,5%) және металл кендерін (108,4%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-қазанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 100,3% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы есепті кезеңде 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 104,8%-ды құрады. Өсу химия өнеркәсібі өндірісінде – 8,9%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 23,8%, металлургия – 7,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 29,3%, машина жасауда – 4,8%, өзге де дайын бұйымдарда 38,9% белгіленді.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің – 5,2%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың 4,1% артуы есебінен ӨӨИ 104,9% құрады.

    Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2024 жылғы қаңтар-қазанда ӨӨИ 98,8% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері – 2,4%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 2,4% төмендеді.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 17 өңірінде тіркелді, төмендеу Атырау, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген
    Тел. +7 7172 749309
    E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші