Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 6% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Қарағанды, Ақтөбе облыстарында және Астана қаласында белгіленді.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өнімдері 27694 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 12732 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46%), өңдеуде – 12938,5 млрд. теңгеге (46,7%).
2024 жылғы қаңтар-маусым 2023 жылғы қаңтар-маусымға | 2024 жылғы шілде | 2024 жылғы қаңтар-шілде 2023 жылғы қаңтар-шілдеге | ||
2024 жылғы маусымға | 2023 жылғы шілдеге | |||
Өнеркәсіп | 102,8 | 98,9 | 103,5 | 102,9 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 100,3 | 102,5 | 101,7 | 100,5 |
Өңдеу өнеркәсібі | 105,1 | 94,7 | 105,2 | 105,1 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 106,1 | 100,1 | 105,9 | 106,0 |
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 99,3 | 108,3 | 101,3 | 99,6 |
Табиғи газ шығару (105,1%), металл кендерін (105,8%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-шілдеде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 100,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы есепті кезеңде 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 105,1%-ды құрады. Өсу химия өнеркәсібі өндірісінде – 7,4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 16,2%, металлургия – 9,2%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 29,8%, машина жасауда – 4,7%, өзге де дайын бұйымдарда 1,7 есе белгіленді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің – 6,4%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың 7,9% артуы есебінен ӨӨИ 106% құрады.
Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2024 жылғы қаңтар-шілдеде ӨӨИ 99,6% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері – 1,2%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 2% төмендеді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.
Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: