Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    100,8%
    2022 жылы мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі өткен жылға 100,8 пайызды құрады.

    НҚИ өсуі мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндірісінің өсуімен - мал мен құсты союы немесе өткізуіне, сауылған сүтке, жұмыртқа өндірісіне негізделеді.

    Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі
    өткен жылға пайызбен
    2022ж.
    2022ж.
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мал мен құстың саны
    мың бас
    2022ж.

    2023 жылғы 1 қаңтардағы ірі қара малдың 46,5% жұртшылық шаруашылықтарында; 41,2% – шаруа немесе фермер қожалықтарында және дара кәсіпкерлерінде; 12,3% – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында саналды; қой мен ешкі – тиісінше 50,1%, 43,7% және 6,2%; шошқа – 43,4%, 11,5% және 45,1%; құс – 16,4%, 2% және 81,6%.

    2022 жылғы мал шаруашылығы көрсеткіштерінің өнімділігі
    2022ж.

    * Статистикалық мақсаттар үшін ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларының 10-тармағы 2-тармақшасына сәйкес және шаруашылық бойынша есептің жаңартылған әкімшілік деректері негізінде шаруа және фермер қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты 2022 және 2023 жылдарға мал шаруашылығы статистикасының жеке көрсеткіштеріне арнайы қайта қарау жүзеге асырылды.

    2022 жылғы өнімділік бағыты бойынша ірі қара малдың басының құрылымы
    ІҚМ басының жалпы мал басына үлесі, %
    #IMG_5#
    Глоссарий

    Ауылшаруашылық кәсіпорны – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

    Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны – есепті күнге шаруашылықтарда бар тірі мал мен құстың саны;

    Жұртшылық шаруашылықтары – жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай телімдері. Жеке қосалқы шаруашылық – қызметі ауылды жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер телімдерін өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған жұртшылық шаруашылығы;

    Мал мен құстың өнімділігі – малдың немесе құстың бір басына шаққандағы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін сипаттайтын көрсеткіш;

    Мал мен құсты шаруашылықта сою немесе союға өткізу – тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару;

    Мал шаруашылығының өнімін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнім мен шикізат өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері), мал мен құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімдері;

    Өлім-жітім – аурулардың, апаттардың, қызметкерлердің немқұрайлы қарауы және осыған ұқсас себептер нәтижесінде өлген және амалсыздан сойылған ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны;

    Төл – өлі туған төлді есепке алусыз, шаруашылыққа тиесілі аналықтардан туған тірі мал саны.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша деректер және мал мен құстың саны мынадай түрде қалыптасады:

    – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 100 адамнан артық жұмысшысы бар дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша "Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп" №24-аш нысанының ай сайынғы есебі негізінде;

    – шағын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша – негізіне: шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабындағы жазу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы іріктеп зерттеу деректері енгізілген есептер негізінде;

    – жұртшылық шаруашылықтары бойынша – негізіне: есеп кітабындағы жазу, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жұртшылық шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері енгізілген есептер негізінде.

    Неғұрлым толық әдіснамалық түсініктемелер келесі сілтаме бойынша қол жетімді:

    Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі


    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Джартыбаева
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Э. Әбілова
    Тел. +7 7172 749775
    E-mail: e.abilova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы,
    8 Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші