Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігі (ҚР ЭТРМ) барлық қалдықтардың пайда болуы бойынша деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ақпарат қалдықтарды түгендеу бойынша жылдық есеп негізінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрына сәйкес қалыптастырылады.
Муниципалдық қалдықтар бойынша ақпаратты ҚР Ұлттық статистика бюросы жыл сайынғы мемлекеттік статистикалық бақылаулар негізінде 1-қалдықтар " Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп" және 2-қалдықтар " Қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және сақтауға беру туралы есеп"негізінде қалыптастырады.