Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш отын түрлері бойынша бөле отырып, елдегі механикалық көлік құралдарының (жеңіл автомобильдер)санын анықтайды. Мотоциклден өзге, жолаушыларды тасымалдауға арналған және тоғыздан аспайтын отыратын орны бар (жүргізуші орнын қоса алғанда) жол механикалық көлік құралы. Көлік құралы қозғалтқышта пайдаланылатын энергия түрлері бойынша жіктеледі. Негізгі түрлерге бензин, дизель отыны, газ (сұйытылған мұнай газы және табиғи газ), электр, биоотын және басқа да көздер жатады.
Әдіснама:
Көрсеткіш ҚР ҰЭМ Статистика комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі №145 бұйрығымен бекітілген" Көлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесіне " сәйкес қалыптастырылады. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің автокөлік құралдарының деректер базасы негізінде жылына бір рет қалыптастырылады.
Өлшем бірліктері:
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша механикалық көлік құралдарының саны мың бірліктермен өлшенеді; тиісті санаттағы жол механикалық көлік құралдарының жалпы паркіндегі әрбір отын түрінің үлесі пайызбен көрсетіледі.
Мақсаты:
Көлік секторының даму үрдісін сипаттайтын және отынды тұтынудың жанама көрсеткіші болып табылатын қозғаушы күштердің көрсеткіші. Көрсеткіш пайдаланылатын отын түрлері бойынша жол механикалық көлік құралдары паркінің құрамы қалай өзгеретінін түсінуге көмектеседі, бұл өз кезегінде көліктің қоршаған ортаға әсерінің байқалатын үрдістерін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші