Қысқаша сипаттамасы:
Бұл көрсеткіш Экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық стандартты салалық сыныптамасына (ХСОК) сәйкес тұтастай алғанда, сондай-ақ негізгі тұтынушылар (өнеркәсіп, көлік, үй шаруашылығы, қызмет көрсету саласы және ауыл шаруашылығы) бойынша бөле отырып, барлық энергетикалық мақсаттарда пайдалану үшін түпкілікті тұтынушыға жеткізілетін энергияның түпкілікті тұтынылуын сипаттайды. Түпкілікті энергия тұтыну энергетикалық кәсіпорындар энергияның басқа түрлеріне (электр және жылу энергиясы, газ) түрлендіруге және жабдықтарды пайдалануға тұтынған отыннан басқа, энергетикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын отынды қамтиды.
Әдіснама:
Көрсеткіш ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 11 тамыздағы №160 бұйрығымен бекітілген "отын-энергетикалық балансты қалыптастыру және энергетика саласын сипаттайтын жекелеген статистикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесіне" сәйкес қалыптастырылады. Энергия тұтыну туралы деректерді қалыптастыру бойынша жауапты мемлекеттік орган ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып табылады. Ақпарат 1-ТЭБ (жылдық) нысаны бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша қалыптастырылады.