Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш өңделетін жерлер мен көпжылдық екпелер алаңының бірлігіне енгізілген минералды және органикалық тыңайтқыштардың санын көрсетеді. Ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру үшін минералды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану кезінде экологиялық қауіп артады, мысалы, су мен топырақтың ластану қаупі артады және топырақтың микрофлорасының табиғи теңгерімінің бұзылуын қоса алғанда, қоршаған ортаның басқа компоненттеріне теріс әсер етеді. Ауыз судағы нитраттар мен нитриттердің жоғары болуы адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.

Ақпарат ашық және жабық жердегі ауылшаруашылық дақылдары егісіне, сондай-ақ көпжылдық екпе ағаштарға (бақ, жидектік, жүзімдік, тұт ағаштары), табиғи шабындықтарға ағымдағы жылдың түсіміне енгізілген минералдық және органикалық тыңайтқыштар бойынша көрсетілген.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу жөніндегі деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып табылады. Ақпарат "Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы" (индексі – 29-АШ, жылдық) және "шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы" (индексі – А-005, жылдық) нысандары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша жылына бір рет қалыптастырылады.
Өлшем бірліктері:
Гектарына килограммен өлшенеді.
Мақсаты:
Көрсеткіш тыңайтқыштарды енгізу арқылы қоршаған ортаға көрсетілетін әсерді бағалауға мүмкіндік береді (топырақтағы биогендік заттардың артық мөлшерінің шоғырлануы, осыған байланысты жер үсті және жер асты суларының ластануы, сондай-ақ биогендік элементтердің трофикалық тізбектер бойынша көшуі және олардың қоршаған ортаның басқа компоненттеріне енуі). Тыңайтқыштарды енгізу туралы деректердің уақытша қатарын талдау олардың қоршаған ортаға әсерін бақылауға және Тыңайтқыштардың қоршаған ортаға теріс әсерімен күрес стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші