Бұл көрсеткіш нақты ауданның (ел, өңір немесе арнайы бөлінген аудан) аумағындағы жекелеген түрлердің санындағы үрдістерді анықтайды.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті құрып кету қаупі төнген түрлері және қорғалатын түрлері бойынша деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ақпарат Қазақстанның Қызыл кітабының деректері негізінде қалыптасады.
Өлшем бірліктері:
Популяцияның мөлшері осы ауданда ересек адамдардың саны ретінде көрінеді (мың адам, мың бас).
Мақсаты:
Бұл көрсеткіш жануарлардың жекелеген түрлері популяциясының жай-күйін, ұлттық жауап шараларының, яғни ұлттық және жаһандық биоәртүрлілікті сақтау мақсатында қабылданған іс-әрекеттердің маңыздылығы мен тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.