Қысқаша сипаттамасы:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – мемлекеттік билік органдарының шешімдерімен толық немесе ішінара шаруашылық пайдаланудан алынған және олар үшін ерекше қорғау режимі белгіленген ерекше табиғат қорғау, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызы бар табиғи кешендер мен объектілер орналасқан жер, су беті және олардың үстіндегі әуе кеңістігі учаскелері. Көрсеткіш елдегі ерекше қорғалатын аумақтардың алаңын және оның елдің жалпы аумағындағы үлесін қамтиды.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (ҚР ЭТРМ) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады.